Зорлағандарға өлім жазасын қолдану ұсынылды

2382

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы заңды қатаңдату керектігін айтады.

Зорлағандарға өлім жазасын қолдану ұсынылды

Ана мен балаға зорлық көрсеткендерге өлім жазасы тағайындалсын! Сенатор Мұрат Бақтиярұлы бүгін осындай үндеу жолдады.

Депутаттың пікірі жазылған бейнежазба сенаттың ресми сайтына жарияланды. Онда халық қалаулысы бүгінде әйел мен бала зорлағандарға, адам ұрлағандарға жаза, өкінішке қарай, аса қатаң еместігін айтады. Яғни қолданыстағы Қылмыстық кодекс оған мүмкіндік бермейді.

Бұған дейін де бірқатар сенатор ауыр қылмыстарға өлім жазасын қайта енгізуді ұсынған, бірақ ұсыныс қолдау таппаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу