"Зорлау расталған жоқ": Ішкі істер министрі Павлодар облысы әкімінің орынбасарына қатысты мәлімдеме жасады

276

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожиновтың аты аталған шулы іске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Зорлау расталған жоқ": Ішкі істер министрі Павлодар облысы әкімінің орынбасарына қатысты мәлімдеме жасады Фото: gov.kz

"Бопсалау ісі сотқа түсті. Сондықтан пікір білдірудің қажеті жоқ. Зорлау фактісіне қатысты, расымен де арыз болды. Іс қозғадық, тексердік, расталмады. Содан кейін істі тоқтатылды", – дейді ол.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожиновқа қыз зорлады деген айып тағылды. Бұл жайтқа қатысты облыс әкімдігі түсінік берді.

"Біздегі мәлімет бойынша, Павлодар облысының полиция департаменті жеке тұлға Серік Батырғожиновтың арызы негізінде бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Жәбірленуші тарап – Серік Батырғожинов. Тергеу амалдары жүргізілді, айыпталушы тараптың қорғауында көрсеткен фактілері тексеріліп, расталған жоқ. Бүгінгі таңда іс сотқа жіберілді", деп түсіндірген болатын аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу