Көліктегі полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Астана қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 2019 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 1960 жылы туған Германия азаматын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қылмыскер Германияның ҚК 177-бабында көзделген қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған.
Ол Астана ПД-ның УҰИ-ға қамалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу