– 2025 жылдың басынан бері отбасы-тұрмыстық салада 85 заң бұзу фактісі тіркелді. Оның ішінде 21 қылмыстық іс сотқа жолданды. 64 іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды. Статистикаға жасалған талдау жағымды динамика бар екенін көрсетеді. Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынаста жасалған қылмыс саны былтырғыдан азайды. Бұл көрсеткіштер заңдағы жаңашылдықтардың жұмыс істей бастағанын көрсетеді, – деді ол.
Прокуратура өкілі сөзіне мысал да келтірді.
– Мысалы, бұрынғы зайыбына жеті жыл бойы физикалық, психикалық зардап тигізіп, азаптап келгені үшін бұрынғы күйеуі бір жылға бас бостандығынан айырылды, – деді Асылбек Алияр.