"Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" республикалық акциясы басталды

1807

2022 жылғы 25 қараша – 10 желтоқсан аралығында жыл сайынғы "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" халықаралық акциясы аясында елімізде "Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" республикалық акциясы өтеді, деп жазады inbusiness.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап. 

"Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" республикалық акциясы басталды Фото: kazgazeta.kz

"Акцияның мақсаты мемлекеттік органдар  мен үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп қабылдап жатқан зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шаралары туралы халықты кеңінен хабардар ету, қоғамда әйелдер мен балаларға қарсы құқық бұзушылықтарға "төзбеушілік" атмосферасын құру. Акцияға қатысушылардың міндеті – азаматтар арасында отбасылық-тұрмыстық негіздегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және қайталануының алдын алу шаралары туралы түсіндіруге белсенді қатысу", делінген ақпаратта.

Акция барысында қоғамдық көлік, отбасын қолдау орталықтары, жастар ресурстық орталықтары және секілді қоғамдық орындар мен әлеуметтік желілерде адам өмірі мен денсаулығына зақым келуден қорғау мүмкіндіктері және колл-орталықтары мен отбасын қолдау орталықтары туралы ақпараттар орналастырылды.

"Сондай-ақ "Өзіңдегі агрессияны қалай ұстауға болады", "Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған көмек сұрау алгоритмі", "Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын әлеуметтік қолдау" семинар-тренингтері, "Зорлық-зомбылық жоқ ғарыш әлемі туралы арман" картиналарының тақырыптық көрмесі, "Шанель №5" театрландырылған қойылымы және республикалық, өңірлік деңгейдегі басқа да іс-шаралар жоспарлануда", делінген ақпаратта.

Акция Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстандағы БҰҰ-әйелдер құрылымы, Халықты қоныстандыру қорымен (ЮНФПА) және "Қазақстан Дағдарыс орталықтарының одағы" ЗТБ-мен бірлесіп өткізеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу