Рудный қаласындағы пәтерлердің бірінен зорлықпен өлтірілген 56 жастағы ер адамның денесі табылды. Тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ қылмысқа қатысы бар адамды анықтауға бағытталған қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаменті.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу