Зул-хижжа айының алғашқы онкүндігінде жасалған қайырлы істердің мәртебесі биік болады – ҚМДБ

Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты.  

Зул-хижжа айының алғашқы онкүндігінде жасалған қайырлы істердің мәртебесі биік болады – ҚМДБ Фото: asyldin.kz

"Рамазан – ізгі амалдардың сауабы еселеніп жазылатын ай. Ислам ғалымдарының айтуынша, ізгі амалдың сауабының ерекше еселенуінің себептері бар. Біріншісі, ізгілік жасалған жерге қатысты. Яғни, орынның құрметтілігіне қарай онда орындалған іс-амалдың сауабы да еселенеді. Мысалы, үйде оқылған намаздан мешіттерде оқылған намаздың сауабы айрықша көп. Ізгі амалдың сауабының еселенуінің тағы бір сыры оның орындалған уақытына байланысты. Мысалы, зул-хижжа айының алғашқы онкүндігінде және Рамазан айында жасалған қайырлы істердің мәртебесі биік болады. Бірде бір кісі Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) "Қай садақа қайырлы?" деп сұрағанда: "Рамазан айында берілген садақа" деп жауап берген екен", – деді спикер.

Сондықтан осы айда мүмкіндігінше мұқтаж жандарға көмектесіп, олардың алғысы мен батасын алуға асыққан абзал.

"Зекет және қайырымдылық" қоры қасиетті Рамазан айында бірнеше қайырымдылық жобаларды жүзеге асырады. Атап айтқанда, "Шарапатты Рамазан", "Рамазан қоржыны", "Рамазаннан тәберік" сынды ауқымды республикалық қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастырады. Барша халықты сауапты істерімізге үлес қосып, жақсылықтың басы-қасынан табылып, белсенді түрде атсалысуға шақырамын", – деді мүфти.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу