Зүлфия Чиншанло Олимпиададан үшінші қола медальді жеңіп алды

1030

Токио Олимпиадасында бүгін қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанло жарыс жолына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.  

Зүлфия Чиншанло Олимпиададан үшінші қола медальді жеңіп алды

Зүлфия әйелдер арасында 55 келіде сынға түсті. Ол жұлқи көтеруде 90 келіні бағындырды. Ал келесі кезекте 93 келіні көтергенмен, төрешілер оны санаған жоқ.

Ал серпуде ол бірден 213 келіні бағындырыды. Қоссайыстың нәтижесінде 223 келіні бағындырып, қола жүлдегер атанды.

4 спортшы қазақстандық ауыр атлеттен жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Ал тағы екеуінің көрсеткіші Зүлфиямен бірдей болды.

Зүлфия 1993 жылдың 25 шілдесінде дүниеге келген. Бұған дейін 2009, 2011, 2014 жылдарда 53 келіде әлем чемпионы атанды.

Ал 2010, 2014 жылдарда Азия чемпионатында 53 келіде күміс жүлдегер болды.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу