Зульфия Чиншанло V Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды

883

12 тамыздағы нәтиже: Қазақстан құрамасы 12 алтын, 5 күміс, 19 қола жеңіп алды.

Зульфия Чиншанло V Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды

Зульфия Чиншанло Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан V Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды, деп жазады inbusiness.kz Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.. 

"Еліміздің ең атақты ауыр атлеттерінің бірі Зульфия Чиншанло Ислам ойындарының чемпионы атанды. Елена Шалыгинаның әйелдер күресіндегі жеңісінен кейін (65 кг, алтын) 59 кг дейінгі салмақтағы ауыр атлет Чиншанло түрік тұғырында жалпы сомасы 220 кг (95-125) көтерді.

Айта кету керек, Зульфия 130 кг-дағы үшінші әрекетін жүзеге асыра алған жоқ. Оған қарамастан Нигериядағы қарсыласынан 18 кг артық көтерді. Сонымен қатар жарыстағы "кіші" медальдарды да қанжығасына байлады”, — деп жазылған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу