Зүлфия Сүлейменова – Экология және табиғи ресурстар министрі

759

Зүлфия Сүлейменова ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Зүлфия Сүлейменова – Экология және табиғи ресурстар министрі Фото: tengrinews.kz

"Зүлфия Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалсын", - деп жазылған Мемлекет басшысы қол қойған Жарлықта.

Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келді.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін аяқтады. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастады.

2020-2021 жылдары – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.

2021 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін – VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2022 жылы 14 наурызда Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды.

Айта кету керек, Серікқали Брекешев ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметінен босатылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу