Зүлфия Сүлейменова оқушылармен кездесті

523

Кездесу барысында 3G сынып оқыушысы Өскенбаева Сафияның тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау жобасы ұсынылды. 

Зүлфия Сүлейменова оқушылармен кездесті Фото: gov.kz

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова  "Даналық бейсенбі" жобасы аясында Астана қаласы Халықаралық мектебінің 7-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді, деп жазады inbusiness.kz ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Жоба авторлары атап өткендей, оның мақсаты – қоғамда өз орны бар адамдармен кездесулер өткізу арқылы оқушылардың азаматтық-патриоттық санасын ояту.

Бұдан басқа, министрлік іске асыратын "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасынның "Экология болашағы" бағыттарының бірі де халықтың экобілім мен мәдениет деңгейін арттыруға бағытталған.

Оқушылар іс-шараға белсенді қатысты, олар өздерін қызықтырған сұрақтарына министрден жан-жақты жауап алды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу