Зығыр мен рапс тек Қытайға экспортталды

2497

Зығыр мен рапс тек Қытайға экспортталды

ҚР ҚМ кедендік бақылау комитетінің мәліметтеріне сәйкес, жаңа маркетингтік жылдың бірінші айында сыртқы нарықтарға май жеткізу 9,1 мың тоннаны құрады, бұл қыркүйек айы үшін рекордтық көрсеткіш болып тұр, деп хабарлайды Qazaq Organic Food ұйымдастыру комитеті.

Өсімдік майларының барлық экспорттық партиясының жартысын күнбағыс құрады. 2018 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша тиелген  осы май түрінің көлемі 4,5 мың тоннаға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе артық. Есепті айда күнбағыс майын негізгі сатып алушылар Тәжікстан (2,4 мың тонна) және Өзбекстан (1,9 мың тонна) болды.

Сондай-ақ, зығыр майын экспорттаушылар маусымды сәтті бастады, оның жеткізілімі қыркүйек айында ең жоғарғы көрсеткішті құрап, 2,6 мың тоннаға жетті. Майдың осы түрінің барлық көлемі Қытайға сатылды, рапс майының экспорттық партиясының 100%-ы (0,8 мың тонна) жөнелтілді.

Айта кету керек, 28-29 қарашада Астанада өтетін KazOil 2018 екінші халықаралық май-тоңмай конференциясында қазақстандық және әлемдік сарапшылар Қазақстандағы майлы дақылдар нарығының жағдайы туралы, сондай-ақ оның дамуына тежеу болып отырған факторларды талқылайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу