Бірлескен мәлімдеме 2026 жылғы 11 тамызда Женевада өткен Қарусыздану жөніндегі конференция отырысында жасалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мәлімдемені Америка Құрама Штаттары, Албания, Австралия, Австрия, Бельгия, Болгария, Канада, Хорватия, Чехия, Дания, Эстония, Финляндия, Франция, Германия, Грекия, Венгрия, Исландия, Италия, Жапония, Латвия, Литва, Люксембург, Маршалл Аралдары Республикасы, Черногория, Нидерланд Корольдігі, Жаңа Зеландия, Солтүстік Македония, Норвегия, Палау, Филиппин, Польша, Португалия, Корея Республикасы, Румыния, Словакия, Словения, Испания, Швеция, Түркия, Украина және Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің үкіметтері жариялады.
Мемлекеттер бірлескен мәлімдемені Құрама Штаттардың Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілдігінің сайтында жариялады. Онда зымыранның классы, ұшыратын орны мен траекториясы көрсетілуі керек делінген.
Сонымен қатар ұшқыштар мен теңізшілерге де зымыранның қалдығы түсетін аумақ туралы алдын ала хабар берілуге тиіс.
Бастама авторлары: "Мұндай шаралар қауіп-қатерді азайтып, сенімді нығайтады", – дейді.