Байқоңырдан ұшқан "Союз-2.1а" зымыран-тасығышының бөлініп түскен бөлшегі Жезқазған даласын өртке орады. Сол аумақта жұмыс жасап жүрген бір адам қайтыс болып, біреуі ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ комитетінің өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.
Оның айтуынша, сағат 18:04-те Қарағанды облысының ТЖД өрт байланысының орталық қызметіне Жезқазғанның төтенше жағдайлар басқармасынан хабар келген. Талап ауылынан оңтүстік – батысқа қарай 20 шақырым жерде Байқоңыр космодромынан ұшқан "Союз-2.1а" зымыран-тасығыштың бөлігі құлауы жоспарланған аймақта құрғақ шөп өртенген. Зымыраннан бөлініп түкен бөлшектерді реттейтін 2 жұмысшы зардап шеккен. Біреуі күйіктен қайтыс болып, екіншісі ауруханаға жеткізілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу