ШҚО Зыряновск қаласы мен Зыряновск ауданының атауын өзгертуге қанша қаражат кететіні белгілі болды, деп хабарлайды КТК.
3 қаңтардан бастап бұл жер ресми түрде Алтай аталуда.
Алдын ала есептеуге сүйенсек, атауды өзгертуге 3 млн 600 мың теңге жұмсалмақ.
Әр жергілікті мемлекеттік органға орташа есеппен 40 мың теңге қажет. Шенеуніктердің айтуынша, қаражат мекеменің бюджетінде қарастырылған.
Лицензиялық өнім, оның ішінде алкогольдік өнім өндіретін кәсіпкерлерге біраз қаражат жұмсау керек болады.
Бұл ретте "Зыряновск" сөзі бар жеке кәсіпорын атауын өзгерту міндетті емес. Ал мекенжай базасы автоматты түрде жаңарады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу