"Ақтөбе рельс зауыты" өнімін Ресейге экспорттамақ

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
10214

Ақтөбе рельс зауыты Ресейге алғашқы рельстерін тамыз айынан бастап шығарады. 

"Ақтөбе рельс зауыты" өнімін Ресейге экспорттамақ

 "Ақтөбе рельс зауыты" АҚ  тұтынушылар қатарын көбейтуде.Негізгі тапсырыс беруші "Қазақстан темір жолы" АҚ ұлттық компаниясымен  он жылға жылына 74 мың тонна рельс жеткізу жөнінде келісім шарт жасасқан. Биыл кәсіпорын  өнім көлемін 100 мың тоннаға  дейін ұлғайтып, 26 мың тоннасын экспорттауды жоспарлауда.

Жыл басынан бері 8 мың тонна рельс шығарылса, оның  6,5 тоннасын сыртқы нарыққа жөнелткен. Тауардың құн салығын есептемегенде 218 мың теңгеден сатылуда. Кәсіпорын "ҚТЖ ұлттық компаниясы "Дирекция магистральной сети", "Теміржол жөндеу" ЖШС, "Жол жөндеуші", "Концерн "Найза-Құрылыс",  "Теміржол Құрылыс Жоба"  пен "Индастри ЛТД" ЖШС-лар сұранысын өтеуде . 

Тамызда Ресейге экспортқа рельстің алғашқы партиясы жіберілетіндігін  кәсіпорынның сату бөлімінің басшысы  Ербол Мергенов abctv.kz  телеарнасына  әңгімелеп берді.

"Ресейді магистральды емес, өндірістік рельспен қамтамасыз етеміз.Тоннасы орташа  560 доллардан саудаланады. Алдымен жеткізілетін 700 тонна мұнан кейінгі өнім көлеміне байланысты болмақ. Жалпы көрші елге 4 мың тонна рельс экспортталады",- дейді Ербол Мергенов.

Теңге девальвациясынан соң ресейліктер үшін өнім бағасы арзандаумен бірге тасымалдауда да қиындықтар кездеспейді. Қазақстандық тауарға Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Грузия мен Белоруссия да қызығуда.

"Биыл нарыққа шығуды  ойластырсақ, келер жылы көптеген мемлекеттерге танымал боламыз.Кәсіпорын қазақстандық стандартын енгізіп, Ресей де темір жол құрылысын жобаға сай лайықтауда.Көрші елде тендерді ұтқандықтан, біздің өнімді ғана пайдаланады",- дейді сату бөлімінің басшысы  Ербол Мергенов.

 Дегенмен, "Қазақстан темір жолы" компаниясымен қысқа уақытқа шартқа қол қойылған. "Ақтөбе рельс зауыты" ұзақ мерзімге стратегиялық серіктес іздейді.

"Қазіргі күні  Eurasian Resources Group компаниясымен арада келіссөздер жүргізілуде.Сарыбай-Соколов кеніші  500 тонна рельс  алмақшы. Осы бірлестікке кіретіндердің барлығы біздің тұтынушыларымыз болады",- дейді кәсіпорынның сату бөлімінің басшысы .

"Ақтөбе рельс зауыты"  жылына 200 мың тонна ыстыққа төзімді жоғары жылдамдыққа арналған магистральді рельстер өндіреді. Келер жылы 430 мың тонна болат прокаттар мен 230 мың тонна құрылысқа қажетті темір конструкциялық бұйымдар шығару көзделуде. Жобаға керек 82,7 миллиард теңгенің 70 пайызын  "Қазақстан даму банкі" қаржыландыруда.

Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу