"Ақжайық" Ресей жоғарғы лигасында 2-орыннан бір-ақ шықты

1792

Қазақстанның жан дегенде жалғыз командасы оралдық "Ақжайықтың" допты хоккейшілері Ресей біріншілігінің жоғарғы лигасында 2-топта бәсекеге түсіп жатқандығы туралы жаңа жылдың алдында ғана жазған болатынбыз. Ол кезде қазақтар соңғы орындардың бірінде, дәлірек айтсақ, 8 ойыннан кейін 7 ұпаймен 6-сатыда тұрған еді. Ал екінші топта небәрі 7 команда барын ескерсек, "Ақжайықтың" жағдайы қиын болатын.

"Ақжайық" Ресей жоғарғы лигасында 2-орыннан бір-ақ шықты

Алайда, міне, осы аралықта оралдық команда намысқа тырысып, қатарынан бірнеше рет жеңіске жетті.

24-25 желтоқсан күндері біздің жігіттер Татарстан астанасы Қазаннан келген "Динамо-2" командасын екі рет қатарынан 9-3 есебімен тас-талқан етіп жеңіп, 6 ұпай еншіледі. 25 желтоқсанда болған ойынға тоқталар болсақ, бұл ойынның басында қазандықтар кәдімгідей тойтарыс бергені рас. Бірінші кезең 3-3 есебімен аяқталған еді. Бірақ олардың бар күші сол соғылған 3 голға ғана жетті. Ал "Ақжайық" екінші кезеңде керісінше татарлық команда қақпасының маңынан шықпай қойды. Нәтижесінде оралдықтар 6 гол соғып, жалпы есеп 9-3 болып аяқталды. Біздің команданың лидерлері Сергей Башаев 4 гол, Максим Өтебалиев 3 гол, Евгений Суковин мен Сергей Гаврилов қарсылас қақпасына бір-бірден гол соқты. Екі ойынның жалпы нәтижесі – 18-6.

Ал жаңа жылдан соң алғашқы ойынын "Ақжайық" өз айдынында өткізді. 14-15 қаңтар күндері Орал қаласында Орынбордың "Локомотиві" қонақта болып қайтты. Екі ойында да біздің жігіттер ресейліктерден басым түсті. 14-індегі кездесуде "Ақжайық" "Локомотив" қақпасына 7 доп салды. Сергей Башаев бұл ойында 4 гол соқты және бір рет нәтижелі пас берді. Қарсыластар бір ғана доппен жауап қайтара алды (7-1).

Айта кету керек, Сергей Башаев гол+пас бәсекесінде топ жарып келеді. 14 ойын өткізіп, 37 гол соқты және 10 нәтижелі пас шығарған екен, осылайша "Ақжайық" командасының форварды Сергей Башаев 47 ұпаймен бомбардирлер тізімінде көш бастады.

Ал 15 қаңтардағы ойында орынборлық команда жап-жақсы қарсылық көрсетті. Нәтижесінде 4-3 есебімен жеңілді.

Сөйтіп қазақтар турнир кестесіндегі жағдайын түзеп, 3-орынға көтерілді. Ал 18-19 қаңтар күндері "Ақжайықты" жеңеміз деп Оралға біздің топтың лидері Краснотурьинск қаласының "Маяк" командасы келген болатын. Бұл команданың өзіне сенімді болғаны түсінікті де, өйткені ең алғашқы екі ойында "Маяк" өз айдынында "Ақжайықты" екі рет 5-3, 7-1 есебімен жеңген.

Бірақ қазіргі команда былтырғы "Ақжайық" емес екенін оралдықтар мықты ойынымен дәлелдеп берді. Екі кездесу де қазақтардың жеңісімен аяқталды. Алғашқы күні есеп 4-2 болса, 19 қаңтардағы екінші ойында ресейлік команданы 8-1 есебімен тізе бүктіріп, еліне қайтарды.

Осылайша 2-топтың көшбасшысы "Маяк" 6 ұпайдан айрылып қалды. Ал "Ақжайық", керісінше, олжалаған 6 ұпайының арқасында 2-орынға көтеріліп отыр. Кім біледі, мүмкін, бірінші орынға да шығатын күн алыс емес шығар?! Мынадай ойынмен қазақтар алысқа шабуы тиіс. Оның үстіне, алда әлем біріншілігі күтіп тұрғанын естен шығармайық.

24 қаңтар мен 5 ақпан аралығында допты хоккейден әлем біріншілігі осымен 37-рет жалауын көтермек. Бұл жолы Швецияның Сандвикен қаласы қабылдайды. Қазақстан құрамасы элиталық девизионда өнер көрсетеді.

Ал әзірге Оралдың "Ақжайығы" Ресей жоғарғы лигасында тамаша өнер көрсетіп жүргенін қуана-қуана хабарлаймыз және осы үш топтың турнир кестесіне назар аударыңыздыр:

1-топ

 команда

ойын

жеңіс

тең

жеңіліс

доп

ұпай

1

Строитель Сыктывкар

16

13

0

3

99-39

39

2

Мурман Мурманск

 13

10

1

2

92-23

31

3

Зоркий Красногорск

 12

10

1

1

81-23

31

4

Родина-2 Киров

 12

6

2

4

50-65

20

5

Волга-Черемшан Ульяновск

 16

5

3

8

63-67

18

6

Крылатское-Динамо Москва

 15

5

1

9

67-116

16

7

Водник-2 Архангельск

 14

2

1

11

38-106

7

8

Старт-2 Нижний Новгород

 16

1

1

14

43-94

4

 

2 -топ

 команда

ойын

жеңіс

тең

жеңіліс

доп

ұпай

1

Маяк Краснотурьинск

 16

 12

0

 4

97-51

36

2

"Ақжайық" Орал Қазақстан

 16

 9

1

 6

82-66

28

3

Знамя-Удмуртия Воткинск

 14

 8

3

 3

68-47

27

4

Локомотив Орынбор

 15

 7

0

 8

61-69

21

5

Никельщик Верхний Уфалей

 16

 4

4

 8

70-79

16

6

СКА-Свердловск Екатеринбор

 15

 5

0

 10

61-84

15

7

Динамо-Казань-2 Қазан

 14

 3

2

 9

53-87

11

 

3-ші топ

команда

ойын

жеңіс

тең

жеңіліс

доп

ұпай

1

Саяны Абакан

 16

16

0

0

101-30

48

2

Енисей-2 Красноярск

 15

11

1

3

108-31

34

3

Восток Арсеньев

 16

9

0

7

82-86

27

4

Кузбасс-2 Кемерово

 14

7

2

5

68-63

23

5

Байкал-Энергия-2 Иркутск

 12

5

1

6

52-67

16

6

СКА-Нефтяник-2 Хабаровск

 16

5

0

11

67-110

15

7

Сибсельмаш-2 Новосибирск

 13

3

0

10

43-61

9

8

Надежда Биробиджан

 16

1

0

15

47-120

3

 

Оралдық команда әлем біріншілігі алдында тағы екі ойын өткізеді. 21-22 қаңтар күндері Орал қаласында "Ақжайық" Екатеринбордың "СКА-Свердловск" командасына қарсы ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу