"Алтын допқа" Роналдудан басқа үміткер жоқ па?

Джамиля Каримова Джамиля Каримова
6541

ФИФА кезекті маусымдағы үздік ойыншыға берілетін ең басты футбол марапаты – "Алтын допқа" деген үміткерлерді ресми түрде жарияламақшы. 

"Алтын допқа"  Роналдудан басқа үміткер жоқ па?

Соңғы уақытта әлемдік футбол жанкүйерлерін осы атаққа деген жаңа үміткерлерінің есімдерін білуден гөрі, Криштиану Роналду мен Лионель Мессидің бұл жүлдеге деген "дәмесінің" қашан тиылатыны көбірек толғандырады.

Роналду мен Месси  8 жылдан бері жылдың үздік футболшысы атағын қанжығаға бекем байлап, басқа футболшылардың осы атақты иеленуіне еш мүмкіндік қалдырмай келеді. Бұл футбол тарихында бұрын-соңды болмаған жайт.  

Қос футболшының жетістіктеріне тоқталсақ, "алтын допты" сегіз жылда Лионель Месси 5 дүркін, ал Криштиану Роналду әзірше үш рет иеленіпті.   

Екеуара жоғары деңгейде өткен тартыста жеңіс 2015 жылы Пример және Чемпиондар лигасын жеңіп алған "Барселонаның" көшбасшысына  бұйырды. 

Футбол әлеміндегі беделді атаққа үміткерлердің Аbctv.kz редакциясы тарапынан әзірленген тізімі оқырмандар назарына ұсынылады.

Криштиану Роналду

Биыл алтын допты иеленуде аргентиналық футболшыдан қалыс қалып отырған ұпайын қысқартуына португалдық аяқдоп шеберінің мүмкіндігі басымырақ көрінеді. Лионель Месси, оған қоса жалпы "Барселона" ұжымы сәл демалуды ұйғарып, нәтижесінде халықаралық олжадан қағылды. Ал Криштиану Роналду болса, керісінше "Реалмен" өткен кезекті Чемпиондар лигасында жеңіске жетіп, командасымен бірге Еуропа чемпионы атанды, осылайша айтарлықтай жетістікке жетті.

Роналду мінезімен, ойын алаңында басымдық танытуымен кей кезде команданың көңілінен шықпауы мүмкін. Алайда, шынайы бағалар болсақ, биылғы Пример лиганы қоспағанда, барлық турнирде жеңіс төрінен көрініп, Чемпиондар лигасында 16 гол соғып, Еуро-2016 біріншілігінде екі мәрте ерекшеленген Роналду - биылғы "Алтын доптың" бас үміткері.

Криштиану Роналду әлем мойындаған, жоғары деңгейдегі барлық атақты иеленген, жанкүйер сүйіспеншілігіне бөленген спортшы.  Роналду  жеткен жетістіктеріне қарамастан, кімнің жүзден жүйрік екенін дәлелдеуге тырысуда және де оған жетуде футбол алаңында барынша күш салуда.

Антуан Гризманн

Франция құрамасында Зинеддин Зиданнан кейін нағыз көшбасшы суырылып шықпаған. Айтар болсақ, Зидан француз футболшылары арасынан "Алтын допты" иеленген соңғы спортшы. Енді дәл мұндай спортшының шығуы күмән тудырған кезде үлкен аренаға "Атлетико" атты тынымсыз форвард шықты.

Зидан 2014 жылы "матрасшылар" жағына өтіп, Диего Симеоне оққағарының бөлінбес бөлігіне айнала білді. Диего Коста мен Арда Туранның  команда құрамынан кетуін көпшілік "Атлетиконың" басынан кешкен тоқырау деп болжаған болатын. Алайда Диего Симеоне командасының құрамына кірген "кішкентай принц" атанған Зинеддин Зидан құраманың бас ойыншысы атана білді. 

Антуан Гризманның "Атлетикоға" ауысуы оның футболда жарық тұлға ретінде қалыптасуына қандай да бір маңызды рөл атқарды деп айтуға болмасы анық.  Алайда, ол биыл Франция командасы сапында шыққан ойында аса шеберлік танытып, Еуро ойындарында ерекшелене білді.

Әрине, "Атлетико" құрамында Гризманн Чемпиондар лигасында және Еуропа біріншілігінің шешуші ойнында  Роналдодан екі финалда жеңіліс тапты. Дегенмен, Чемпиондар лигасында Гризманның дәл соққан голдары "Барселона" және "Бавария" сынды алпауыттардың сағын сындырды. Ал Еуро-2016 ойындарында 6 ұпаймен үздік шабуылушы атанып, біріншіліктің үздік ойыншысы болып танылды.

Гарет Бэйл

Уэльстік футболшыға Гризманн (лақап аты "Құну") мен Роналдоның ізін қуып Еуро ойындарының финалына жету бұйырмады, бұл ұлттық құрамаға азын-аулақ күш жетпей қалды. Дегенмен, уэльстік футболшының "Алтын допқа" деген үміткерлердің үштігі қатарында екеніне ешкім шүбә келтірмес.

Бәлкім, "Құну" Чемпиондар лигасының өткен ойындарында қарсылас команданың қақпасына португалдық және француз футболшысы сынды гол соқпаған да болар. Бірақ, Гарет Бэйлдің ұтымды ойынымен "Реал" командасына жасаған көмегі Роналдудан кем емес. Өйткені, Бэйлдің ойын шеберлігі, алаңның кез-келген тұсынан шабуылдай білуі, қарсыласының қорғанысын әлсіретіп, есеңгіреткені де мәлім.

Гарет Бэйлдың команда құрамында болуы ең алдымен  Карло Анчелотти, одан кейін Зинеддин Зиданның да шабуыл жасауда дұрыс симметрияны сақтап отыруына, Криштиану Роналдуға қарай ауытқудың болмауына өз септігін тигізді.

Ал Уэльс құрамасының басқа да қарсыластарымен ойынында Гареттің көрсеткен шеберлігі Уэльстің алғаш рет Еуропа біріншілігінің финалына шығуына мүмкіндік беріп, ойынымен керемет әсер қалдырды.

Гареттің шеберлігінің арқасында Уэльс футболшылардың қазіргі буыны Ресей, Солтүстік Ирландия, Бельгия командаларын жеңіп, жартылай финалға шыққан команда ойыны футбол тарихына енді.  Сондықтан да  Чемпиондар лигасында жеңіске жетіп, Еуро-2016-да қола медаль иеленген Гарет Бэйл футбол маусымында тамаша ойын көрсетті. Шынымен де жақсы көрсеткіш емес пе?!

Алтын доп немесе Ballon d'Or

Үздік футболшыға берілетін бұл марапатты сонау 50-жылдары француздардың France Football журналы тағайындағаны мәлім. Журналистердің айтуынша, осы уақытқа дейін бұл марапаттың тәртібі еш өзгеріссіз сақталды. 

Алайда, 2010 жылы "Алтын доп" және "Жылдың үздік ойыншысы" марапаттары біріктірілген болатын, ал 2016 жылы Халықаралық футбол федерациясы мен France Football журналы марапатты қайта бөлетін шешім шығарды. Енді дауыс беруге тек спорт журналистері қатыса алады, ал үміткерлер тізіміне 23 емес, 30 футболшы енгізілетін болады.

Жеңіс тұғырының аргентиналық-португалдық спортшылар еншісінен шықпауы сырын жоғарыда атап өткен болатынбыз, сондықтан да оның тарихына тоқтала өтсек.  

Ағылшын футболшысы Стэнли Мэтьюз 1956 жылы Ballon d'Or атағының (француз тілінде "Алтын доп")  бірінші иегері болды. С. Мэтьюздің отандастары арасынан Майкл Оуэн бұл марапатты 2001 жылы иеленген соңғы ағылшын болып табылады. Ал С. Мэтьюздің танымал отандастарының бірі – Дэвид Бэкхем бірнеше рет марапатқа ұсынылғанымен, бұл атақты ала алмады.

"Алтын доп" атағын иеленуде рекорд көрсеткен Лионель Месси отандастары арасында осындай биік атақты 5 дүркін иеленген жалғыз футболшы. Тіпті, атышулы Диего Марадонаға "Алтын доп" атағы бұйырмаған екен. Өйткені, 1995 жылға дейін журналистер тек еуропалық үміткерлерге дауыс беретін.  Ал егер де марапаттау тәртібі өзгеше болғанда, "Алтын доп" атағы иегерлерінің тарихы тіптен басқаша болары анық.

Әйтсе де, өткен іске өкпе жоқ. Сондықтан да бұл белді атақты иеленген футболшылар саны жағынан Германия мен Италия көш бастап тұр. Неміс спортшылары арасында Герд Мюллер, Франц Беккенбауэр, Карл-Хайнц Руммениге, Лотар Маттеус және Маттиас Заммер Ballon d'Or атағын иеленген. Атап өтсек, жоғарыда аталған 5 футболшының үшеуі атаулы қорғаушылар. Ал италяндықтардан бұл марапатты Омар Сивори, Джанни Ривера, Паоло Росси, Роберто Баджо и Фабио Каннаваро иеленіпті. Еуропалық екі футбол алпауытынан кейінгі орынға әр елден 4 жеңімпаз берген Бразилия, Англия және Франция орныққан.

Басқа да көптеген әйгілі футболшының "Алтын доп" атағын иеленбей қалғаны мәлім. Бұл ретте үлкен қателік жіберілгенін олардың жанкүйерлері де сеніммен айтады.

Дегенмен, "Алтын доп" - көпшіліктің таңдауымен әрдайым лайықты иесін табады. Бұл жолы да әділ баға берілетініне үміт зор.

Диас Қалиақпаров,

Астана
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу