"АрселорМиттал Теміртау" АҚ үкіметтен көмек сұрады

Наталья Прончатова Наталья Прончатова
27662

Үкімет пен компания талаптармен алмасты.

 "АрселорМиттал Теміртау"  АҚ үкіметтен көмек сұрады

 "АрселорМиттал Теміртау"  АҚ вице-президенті Марк Вереке  Теміртау қаласында премьер –министр Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен кеңесте компанияның үкіметтен қандай көмек күтетіні жайында айтып берді.  Вереке мырза қолдау шараларын өте қажет ететін он шақты мәселені ортаға салды.

Метал сынықтарын экспорттауға тыйым салу
Вереке мырзаның айтуынша, компания метал сынықтарының жетіспеушілігіне тап болып отыр.
"Қазіргі күні метал сынықтарын Қазақстаннан тысқары елдерге экспорттау артуда. Осыған байланысты метал сынықтарын дайындайтын кәсіпорындар оның сатып алу бағасын көтеріп жіберген. Метал сынықтарын экспорттауға шұғыл тыйым салу, әсіресе, Еуразиялық экономикалық одақ құрамына кірмейтін елдерге тыйым салу мәселесін қарастыруды өтінеміз",- деді ол.

 Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Қазақстанның металлургиялық зауыттарында, шындығында да, осындай мәселелер бар.

"Министрлікпен метал сынықтарын және қара метал  қалдықтарын қолдану, импорттау, экспорттау бойынша сараптама жүргізілген. Метал сынықтарының жетіспеушілігін ескеріп, метал қалдықтарын шығаруға тыйым салу туралы бұйрық жобасы дайындалды.  2016 жылдың 1 тамызынан бастап тыйым салу енгізілетін болады деп жоспарлаудамыз",- деді Қасымбек мырза. 

Министрдің айтуынша, қара және түсті металлургияда жеке көлем индексінің 102% деңгейіне өсуі күтілуде. Метал сынықтарының жетіспеушілігі жоспарлы көрсеткіштердің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

 Тарифтер, субсидиялар, квоталар...
 "АрселорМиттал Теміртаудың" (АМТ) үкіметтен күтетін басқа да қолдау шараларының  ішінде экспорттық бағытта тасымалдау барысында магистралды теміржол желісі қызметі тарифтеріне уақытша төмендету коэффицентін ұсыну да бар. Мырышпен қапталған ыстық метал прокаты үшін УТК (негізінен,Ақтау теңіз порты бағытына) алуға өтініштер ҚР ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополиялар және бәсекелестікті қорғауды реттеу комитетінде қарастырылуда.  "Әлемдік болат нарығындағы жоғары бәсекелестікті назарға ала отырып, жоспарға сәйкес өндірістің көлеміне қолдау және экспорттық нарықтарда бәсекеге түсе алуы үшін компания УТК теміржол тасымалдауын ұсынуды сұрайды", - деді Марк Вереке.

Санкция режимін алып тастағанына қарамастан, Иранға шығарылатын экспорт компания клиенттерінің халықаралық төлем механизмдері мен қаржыландыруға қол жеткізу мүмкіндігі сияқты қиындықтарды әлі де басынан кешіп келеді. "Екі жақты сауданы арттыру үшін үкіметтен Иран үкіметімен сауда және төлем жүйесін дайындауды және қолайлы жағдайы бар елдерге Иранға Қазақстандық өнімдерді енгізуде кедендік баждан бас тарту/ төмендету дәрежесін ұсынуды қарастыруды сұраймыз", - деп жалғастырды Марк Вереке.  Компания үкіметтен электр стнацияларының тұрақты жұмыс істеуі мақсатында Ресей Федерациясынан (отын қорын арттыру үшін) мазут импортына квота енгізу мәселесін, сонымен қатар, АМТ қалдықтарды өздігінен утилзация жасайтындығын ескеріп, индустралды майларға утилизация жинағы бойынша мәселелерді қайта қарастыруды сұрады.

Вереке мырзаның айтуынша, металлургиялық компаниялардың қоршаған ортаны энергиямен жабдықтау және қорғау бағытында жобаларға инвестиция салу үшін субсидия түрінде ынталандырулары болу керек. Бәрінен бұрын, АМТ  шахталық метанда жұмыс істейтін ЖЭО жобаларын инвестициялық және нормативтік-құқықтық қолдауды және жылыжай газдарын шығаруға квоталарды бөлуде қолдауды қажет етеді.

 "Компанияға құрылыстық құрылымдарға болат және құбырлар бойынша қазақстандық ұстау үлесін арттыру бағытында үкіметпен қаржыландырылатын мемлекеттік жобалар немесе жобаларды іске асыру барысында қолдау керек", - деп қосты Вереке.

Ең бастысы- жұмыс орындарын сақтау

 Үкіметтің  "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға деген өздерінің де сұрақтары бар болып шықты. Мысалға, сәуір айынан бастап компания металдың өткізу бағасын 35%-ға арттырған. "Бұл отандық қайта өңдеушілер мен құрылысшылардың тиімділігіне әсер етеді, себебі, метал бағасы олардың өнімдері, құбыр, радиаторлардың өзіндік құнының шамамен 50-60 % алады. Комбинатпен жеткізілетін метал сапасына көңіл толмаушылық сияқты мәселелер де бар", - деді Жеңіс Қасымбек.

АМТ басшыларына экономикалық қиындықтарға қарамастан жұмыс орындарын сақтап қалу керектігі туралы ескертілді.

"Сіздердің кәсіпорындарыңыз еліміз бен оның өңірлері үшін жүйе қалыптастырушы болып табылады. Сіздерде Қазақстанның көптеген азаматтары жұмыс істейді, сіздердің жұмыстарыңызбен шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жұмысы байланысты , - деді ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов. -Сондықтан да, біздің тілегіміз- жұмыс орындарын сақтап қалу. Бұл- мемлекет басшысының барлық кәсіпорындар алдына қойып отырған басымдығы. Біз өз тарапымыздан сіздер көтеріп отырған мәселелерді қарастыруға көмектесуге дайынбыз".

Наталья Прончатова, Қарағанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу