"Астана" баскетбол клубы сырт алаңда жеңіліп қалды

1800

Мәскеу түбіндегі Химки қаласына қонаққа барған "Астана" баскетбол клубы жергілікті "Химки" командасынан ойсырай ұтылып қайтты.

"Астана" баскетбол клубы сырт алаңда жеңіліп қалды

Есеп – 83-66. Әрине "Химки" осал команда емес екені түсінікті, олар турнир кестесінде 12 ойыннан кейін 21 ұпаймен 4-орында келеді. 9 рет жеңіске жетіп, тек үшеуінде ғана ұтылды. Ал біздің жігіттер бұл жағынан келгенде әлдеқайда төмен тұр.

12 ойыннан соң 18 ұпаймен 7-орынға сырғыған жайымыз бар. Екі команданың пайыздық мүмкіндігінен-ақ қай команда мықты екенін білуге болады. "Химкидің" пайыздық көрсеткіші – 0,750 болса, "Астана" – 0,500% ғана мүмкіндігін оң пайдаланған.

Екі команданың себетке доп тастау айырмасын есептейтін болсақ, бұл көрсеткіш те "Астананың" пайдасына емес екенін аңғаруға болады. Астаналықтардың қарсыластар себетіне салған ұпай санынан гөрі, өз себетімізге кіргізіп алған ұпай саны жоғарырақ болып тұр (906-968).

Қос команданың ойынын алсақ, себетке салынған доптардың ұпай саны бойынша айырмашылығы "Химкидің" пайдасына +17. "Химки" командасының үздік қорғаушысы Алексей Шведтің бір өзі командасына 23 ұпай алып берген және 11 рет нәтижелі паспен көзге түскен. Осы командадағы черногориялық легионер Марко Тодорович 15 ұпай алған және 18 рет қарсыластан бұрын допқа иелік еткен. Көп ұпай алған ойыншылар: Вячеслав Зайцев (10), Робби Хаммел (10).

Ал "Астана" клубынан: америкалық легионер Роберт Лоури (18 ұпай + 5 нәтижелі пас), тағы бір америкалық Усман Крубалли (10 ұпай қосқан + 5 доп иеленген), грекиялық легионер Димитриос Катсивелис (10 ұпай + 6 нәтижелі пас).

Қазақстан клубы тек екінші 10 минуттық кезеңде ғана бір ұпайға алда тұрды, ал қалған үш кезеңде "Химки" командасы басым болды. Бірақ үшінші кезеңнің басында "Астана" тіпті есепті теңестірген болатын (44-44). Алайда химиктер қатарынан үш рет үш ұпайлық доп салып, жалпы матчтың тағдырын шешіп тастады десе болады. Өйткені осыдан кейін астаналықтар сылбыр қимылдап, жеңілгенін мойындағандай болды. Нәтижесінде матч 83:66 (23:17, 16:17, 21:18, 23:14) есебімен "Химкидің" пайдасына шешілді.

Енді "Астана" клубы келесі ойынын өз алаңында 21 қаңтар күні өткізеді. Бұл жолғы қарсыласымыз да "Химки" командасымен бірдей келе жатқан мықты клуб – Сан-Петербордың "Зениті". Естеріңізге саламыз, плей-оффқа тек 8 команда ғана жолдама алады.

команда

ойын

пайыз

ұпай

1

ЦСКА

 12

0.917

23

2

Локомотив-Кубань

 12

0.833

22

3

УНИКС

 12

0.833

22

4

Химки

 12

0.750

21

5

Зенит

 12

0.750

21

6

ВЭФ

 11

0.545

17

7

Астана

 12

0.500

18

8

Енисей

 13

0.385

18

9

Автодор

 12

0.333

16

10

Нижний Новгород

 11

0.273

14

11

Цмоки-Минск

 12

0.250

15

12

Калев

 12

0.167

14

13

Парма

 13

0.000

13

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу