"Азия Авто" жаңа екі автокөлік маркасын шығарады

Артур Мискарян Артур Мискарян
7344

Өскемендегі Chevrolet конвейері 2015 жылдың ақпанында тоқтап қалғаннан кейін жұмысын қайта бастады.

"Азия Авто" жаңа екі автокөлік маркасын шығарады

Қыркүйек айында "Азия Авто" зауыты Chevrolet-тің екі моделі – жаңартылған седан Aveo мен кроссовер Captiva-ны шығара бастайды деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Жаңартылған автокөліктердің бағасы сауда басталар күн жақындағанда жарияланады. Қазақстанда құрастырылған Aveo мен Captiva-ны жеңілдетілген бағдарлама бойынша несиеге алуға болады.

Автосалондардағы 2015 жылғы Aveo моделі құрамдауға байланысты 3935000 немесе 4289000 теңгеге бағаланып отыр. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, Ravon Nexia R3 автокөлігінің бағасы 2559000 теңгеден басталады, ал Hyundai Accent шамамен 4790000 теңге тұрады. Жаңа Сhevrolet Aveo-ның сыртқы дизайны өзгерген. Жүксалғышының көлемі 502 литр, артқы орындықтың арқалығы 60/40 пропорциясымен жиналады. Жаңа Aveo моторының көлемі 1,6 литр, 116 а.к қуатты күшке ие.

Қыркүйек айында шығатын тағы бір жаңартылған автокөлік Chevrolet Captiva-ның да сыртқы дизайны өзгерген және жеті орынды етіп жасалған. Сатып алушыларға екі түрлі көлік ұсынылады, оның біреуінің моторының көлемі  2,4 литр, екіншісінікі – 3 литр.

Chevrolet бренді Қазақстанда 10 жыл бұрын сатыла бастаған. 2007 жылы "Азия Авто" зауыты әмбебап Captiva желісін шығара бастады. Ал 2010 жылы зауыт шағын седан Сhevrolet Aveo шығарумен айналысты. Зауыт америкалық марканың басқа да моделін шығарған болатын, олардың қатарында Cruze, Malibu, Orlando, Tracker маркалары бар. Алайда 2015 жылдың ақпанында "Азия Авто" зауыты Chevrolet шығаруды тоқтатты. Қазіргі уақытта диллерлер 2015 жылы шыққан көліктерді сатып жатыр.

Қазақстанда 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында 450 Chevrolet көлігі сатылған. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2016 жылдың алғашқы жартыжылдығында  тек 237 көлік саудаланған. Осы жылдың маусым айының өзінде 110 Chevrolet көлігі сатылған, бұл былтырғы жылдың маусымымен салыстырғанда 77%-ға артық. Келтірілген көрсеткіште сәуір айынан бастап Қостанайдағы "СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" ЖШС-да шығарыла бастаған Chevrolet Niva автокөлігінің қалай сатылып жатқаны нақтыланбаған.  Chevrolet Niva маусым айында "Вираж" диллерлік желісі арқылы сатыла бастаған, бірақ та қостанайлық модельдің қалай сатылып жатқандығы әзірге жарияланбай отыр.

Қазақстан нарығындағы Chevrolet-тің ең танымал моделі Cruze (238 көлік сатылған) болды, екінші орында Tracker (106 көлік сатылған), үшінші орында жаңартылған Aveo (56 көлік сатылған) тұр. Сонымен бірге екінші жартыжылдықта қазақстандық сатып алушылар үшін жаңартылған Aveo және Captiva-дан басқа жаңа Cruze және Tracker қолжетімді болады.

Гүлназ Ермағанбетова, Артур Мискарян

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу