"Бизнестің дамымай отырғандығы – жосықсыз бәсекеде"

2796

Бас прокурордың орынбасары бизнес-қаудымдастықтың қошеметіне бөленді.

"Бизнестің дамымай отырғандығы  – жосықсыз бәсекеде"

Бас прокурурордың орынбасары Марат Ахметжановты "Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасы IV съезінің мінберінен ду қол шапалақпен шығарып салды. Еліміздің қадағалаушы басты органының өкілі Жалған кәсіпкерлік туралы қылмыстық кодекстің 215-бабы жойылғаннан кейін қазақстандық бизнес пен тексеруші құрылымдар қалай жұмыс істейтіні туралы айтқаны бизнесмендерді таң-тамаша етті.

Алдымен Марат Ахметжанов атқарылған жұмыс туралы айтты. Бүгінде мобильдік қосымшаның арқасында кәсіпкер алдағы тексеру туралы алдын ала біле алады, сондай-ақ тексеру картасымен танысады. Бақылау-қадағалау жұмыстары да айтарлықтай қысқарды – 7 жылдың ішінде тексерулердің саны бес есеге азайды. Жақында одан да аз болмақ. Себебі прокуратура туралы жаңа заң бойынша (қазір парламенттің қарауында жатыр) бизнесті тексеруден мүлде бас тартылады. "Олар тек ерекше жағдайларда ғана, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ғана өткізілетін болады", – деп мәлімдеді бас прокурордың орынбасары.

Дегенмен әлі де кедергілер бар екенін жасырмады. Оның ең бастысы – қылмыстық процесс. Қылмысты, оның ішінде экономикалық қылмысты жаппай тіркеудің арқасында қазыналық органдар еркіне қоя берілді. "Іс жүзінде фискалдар кәсіпкерлерді заң негізінде қылмыстық қудалауға тарта бастады, құжаттарын алып, есепшоттары мен мүлкіне бұғау салды. Ең соңында кәсіпкердің іскерлік беделіне нұқсан келді. Қылмыстық қудалауға ұшыраған кәсіпорындардың 40%-ы жабылып бітті. Әрине, мұндай жүйе уәкілетті органдар үшін өте тиімді болды, тиісті талдаусыз, қылмыстық процестің аясында тергеушінің тапсырмасын сылтауратып тексеріс жүргізетін, – деді Марат Ахметжанов. – Сондықтан біздің құралдарымыз осындай жағдайларда жұмыс істемеді. Ал енді экономикалық қылмыстарды тіркеудің тәртібін өзгертеміз деп шештік – егер уәкілетті органның актісімен расталған залал келтірілмесе, ол тіркеуге алынбайды. Осының арқасында жалпы қылмысты тіркеу екі есеге қысқарса, экономикалық қылмыстар төрт есеге азайды. Ал көлеңкелі экономика саласындағы қылмыстарды анықтау бір жарым есеге артты. Бірақ бұл нәтижеге біз заңды өзгертпей жеттік, бар болғаны әкімшілік ресурстарды енгізіп, бақылауды күшейттік".

Осыған қарамастан бизнестің басындағы проблема азаймай тұр. Марат Ахметжанов көпшілікке үн тастады: "бүгінгі күні салықты уақытылы төлеп, мемлекет алдындағы барлық міндетін атқарған адал бизнес табысты дами ала ма деп сұрап көрейікші. Жоқ". Бірақ оның себебі заңнамада немесе жауыз фискалдарда емес, жосықсыз бәсекеде екенін баса айтты.

"Өкінішке қарай, бізде адал бәсекелестік жоқ. Қолма-қол ақшаға айналдыру – бұл бизнесті түбінен жоятын ауру. Қазақстанда 75 мың ҚҚС төлеуші тіркелген, соның 35 мыңы жалған фирмалармен байланысқаны анықталды. Сонда салықтан жалтару үшін бизнесмендердің тең жартысы қолма-қол ақшаға айналдыру қызметін пайдаланған болып шықты. Осылайша олар адал бизнестің алдында заңсыз артықшылыққа ие болады.

Әрине, олар үшін бизнесті жүргізу оңайырақ – салық жүктемесі жоқ, өнімнің өзіндік құнын төмендете алады, жұмыскерлеріне көбірек ақша төлеп, жақсырақ жабдық сатып ала алады – бұл спорттағы допинг сияқты. Мұнда жемқорлық та бар. Осының барлығын біреу бақылап, қамқоршы болады. Ал салық төлеп отырған адал бизнес мұндай бәсекелестерінен үнемі жеңіліп отырады. Ең соңында көлеңкелі бизнес оны ойсыратып бітеді не өзі сияқты болуға мәжбүрлейді", – деп бизнесмендердің басындағы жағдайды шеберлікпен суреттеп берді ол.

Бас прокуратура оның шешімі жүйелі өзгерістер енгізуде – қылмыстық заңнаманы ізгілендіру мен сол 215 баптан қылмыстық құрамды алып тастауда деп отыр. "Біз қайтадан іс жүзінде қалай болатынын қарап шықтық. Біз неге алдымен жалған фирманы анықтаймыз, ал сондан кейін ғана оның контрагенттерін іздейміз. Үкім шығарылғаннан кейін оларға салық төлеу туралы хабарламалар жолдаймыз. Тікелей салық қатынастарында қылмыстық құрам тым көп. Салық тексеруінен басқа бизнес қылмыстық процестің өктеміне шыдау керек болды", – деп пайымдады ол. Бизнесмендер болса, мұнымен таныс екенін айтып бастарын шұлғыды. Ол туралы бірнеше жыл қатарынан айтылып келеді. Ал бұл туралы прокуратура ұмытып қалған сияқты. "Сондықтан бұл жерде мәселе дұрыс жолға қойылмаған. Егер барлығы белгілі болса, онда бір келісім бойынша ғана салықтық тексерістің актісі болуы керек. Ал олар болса, барлығын бір қол шоқпардың астына алған. Жоғарыда мен айтқанның барлығы құқық бұзушыға да адал кәсіпкерге де қолданылған. Сондықтан дұрыс дамуға ынталану болмаған. Мұның ақ-қарасын ешкім анықтамаған

Прокуратураның ойынша, мәселенің шешімі салықтық әкімшілдендіру мен заманауи технологияларды дамытуда. "Мәселенің салдары емес, себебімен күресу керек. Ең бірінші, қауіпке-бағытталған тексеру жүйесіне толықтай көшу. Қазіргі сияқты бәрін тексермей, енді критерийлер бойынша таңдау жасалады. Мысалы, үлкен айналымдар, жеткізілімдер көп болып, жұмыскерлер мен техника, тіпті кәсіпорынның кеңсесі болмаса, демек тексеруді қажет етеді деген белгі. Егер декларация жиі түзетілетін болса, құжат жиі ауысатын болса, мұның бәрі тексеріс жасауға берілген дабыл деп білу керек", - деді Марат Ахметжанов жаңа әдістеменің мәнін түсіндірді. Ал кәсіпкерлерге: "Салықтық қарым-қатынасты бокс алаңы деп ойлаңыз. Бір бұрышта бизнесмен, ал екінші бұрышта қолында "шоқпары" бар салық қызметкері. Кім жеңеді? Менің ойымша, айтпаса да түсінікті, – деген оған отырғандар ду қол шапалақтады. "Шоқпар" –  бұл қылмыстық процесс және барлық тергеу арсеналы. Егер адам қолшоқпарымен келетін болса, онда біз оның жұмысын жансыздандыратын боламыз. Ол жаңа инновациялық технологияларды және басқа құралдарды шығаруға тыраштанбайды. Оған қолайлысы 35 мың контрагент және 4 жылға арналған тексеру жоспары. Көп қиналмай-ақ шетінен бір-бірлеп тексерген ыңғайлы және көрсеткіші де жақсы болады. Сондықтан біз бұл шоқпарды алып тастамақпыз".

Сонымен бірге ол 215-бапты алып тастағаннан кейін, алғашқы уақытта ыңғайсыздық болатыны рас. Бірақ бизнеске ештеңені уайымдаудың керегі жоқ: "Құрметті бизнесмендер. "Ауруын жасырған өледі" демекші, мәселе мүлдем тереңдеп кеткен. Оны жеңіл-желпі шешу мүмкін емес. Сондықтан әлемдік тәжірибені, жаңа технологияны, электронды шот-фактураны енгізіп, бұл мәселені жақсарту керек. Мұның барлығы тексерісті ашық және заңды етеді. Осыдан кейін ғана ештеңені уайымдамауға болады", деді ол. Ал отырғандар бұған дән риза болды.

Содан кейін ол "қуануға әлі ерте" екенін, "салық төлеуден жалтару үшін жауапкершілікті ешкім алып тастамағанын" айтты. Осыдан кейін барып "245-бабтың жалған фирма құрып құқық бұзғандарға қатысты қолданылатынын" нақты түсіндіріп берді. "Бірақ бұл жерде бір нәрсені нақтылап кеткен жөн, бұл бизнесмен емес, қасқыр терісін жамылған адам. Оған қатысты жалпы қылмыстық кодекстің басқа нормалары қолданылатын болады. Бүгінгі күні көлеңкелі экономикамен күресудің идеологиясын және жалпы бизнесті түсіну маңызды. Біздің мақсатымыз салық төлемейтіндермен күресті күшейту", деді.

Кәсіпкерлер ризашылықтарын білдіріп жатқанда, ол әңгімесін жалғастырып: "Бұл футбол ойыны сияқты, егер ереже бойынша таза ойын болатын болса, онда ойыншы өзінің заңсыз тәсілдерді қолданып жүргенін айтады. Өкінішке қарай, бүгінгі күні бәсекелес заңсыз жолдармен оның жеп отырғанын нанынан айырып жатса да, бизнес-қауымдастық үндемей отыр. Бұл бүгінгі күннің басты мәселесі. Жосықсыз бәскелестік болмау керек, көлеңкелі экономикамен жаппай күрескен дұрыс.

Бұл жерде біржақты жұмыс істеуге болмайды. Сондықтан барлығын айтып істеген жөн. Сонда ғана алға ілгерілеу болады. Нәтижесінде адал бәсекелестікке қол жеткізіп, адалдыққа негізделген кәсіпкерлікті құрамыз" деді. Осылайша Марат Ахметжанов кәсіпкерлердің көңілін көтеріп тастады.

Гүлназ Ермағанбетова, Ирина Севостьянова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу