"Цеснабанк" мемлекетке токсинді активтерін сатты

2445

Активтерді мемлекеттің сатып алуында дисконттың болмауы "келісім шартымен" жасырылған.

"Цеснабанк" мемлекетке токсинді активтерін сатты Фото: Максим Морозов

"Цеснабанк" АҚ-ның үкіметке 100% номиналды құны бойынша 450 млрд теңгеге сатқан 30 несиеден тұратын пулының проблемалық тұстары бар. Бұл туралы  abctv.kz-ке үкімет отырысының сыртында болған әңгімеде қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов нақты айтты. Бұл ретте келісімнің бір шарты АӨК субъектілерін "ҚазАгро"ҰБХ" АҚ-ның қаржылық сауықтандыруы бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау алған жобалардың мәмілесіне қатыспау болды.

"Олар (мемлекеттік сауықтандыру бағдарламасы аясындағы жобалар) "Цеснабанктің" пакетінде қалды. Оларды сатып алған жоқпыз. Проблемалық кредиттер қоры (ПКҚ) басқа агропакетті, яғни субсидиялау бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатыспаған токсинді активтерді сатып алды", – деді вице-министр.

Еске салар болсақ, бұған дейін қаржы министрі Әлихан Смаилов abctv.kz-ке "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ-ның "Цеснабанк" АҚ-ның 450 млрд теңгеге несие қоржынының төрттен бірін сатып алу жөніндегі келісімді Ұлттық банк компанияның облигацияларын сатып алу арқылы қаржыландырды деген болатын.

ПКҚ "Цеснабанк"-тен сатып алған токсинді активтерге неге дисконт қолданбады деген сауалға вице-министр бұл "келісімнің шарты" болғанын айтты. Ал ПКҚ болса ақпарат "қызметтік қолдануға арналған" гриф дегенді айтып, келісім шартын ашудан бас тартты. Сонымен қатар вице-министр қаражатты Ұлттық банктің "еншілесі" – "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-ның бөлгенін айтты.

Бұл ретте шенеунік валюталық міндеттемелерді айырбастауға қанша қаражат жұмсалатынын нақтыламады. Аbctv.kz-пен болған әңгіме барысында "Цеснабанк"-тің басқарма орынбасары Дмитрий Ли сатылған агроқарыздардың басым бөлігі (70%-ға жуығы) шетелдік валютада ұсынылғанын, демек теңгенің соңғы үш жылдағы девальвациясы тұрғысынан келгенде проблемалық болуы мүмкін екенін айтты.  

 "Барлық мәселе қарыз алушылардың теңгелік кірісі бола тұра валютадаға қарызға қызмет көрсете алмауында. Осы үшін біз аталған активтерді сатып алдық, яғни ауыл шаруашылығы саласын қолдау оның ішінде, ең бірінші, ауылшаруашылық тауар өндірушілер үшін шарттарын жеңілдету үшін сатып алдық", – деп атап кетті Берік Шолпанқұлов.

Вице-министрдің айтқанынан мемлекеттің сатып алған несиелерінің көбісінде міндеттемелер бойынша мерзімін кешіктіру бар екенін, "қордың 30/90 күннен артық мерзімінен кешіктірілген өтімді емес активтерді сатып алу үшін құрылғанын" түсіндік.

"Бұл активтерді кейінгі басқарудағы міндетіміз – олардың құнын сатып алынған деңгейіне дейін көтеріп, алдағы уақытта сату", – деді қаржы вице-министрі.

Сондай-ақ қаржы вице-министрі қайта қаралғаннан кейін бұл қарыздар "ҚазАгро"ҰБХ" АҚ-ның еншілес құрылымдарының балансына берілуі мүмкін екенін де айтты.

"Егер олар сауықтандырылатын болса, оларды "ҚазАгро"-ға қайта беріп керегі не? Ол жекеменшік сектор, олар экономикалық айналымда одан әрі іске асуы мүмкін және ПКҚ-ның міндеті оларға осыны іске асыруға көмектесу", – деп қорытындылады вице-министр.

ПКҚ – Қазақстан үкіметінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің еншілес құрылымы. ПКҚ-ның негізгі міндеті – проблемалық қарыздарын сатып алу арқылы екінші деңгейлі банктердің активтерін сауықтандыру бойынша шараларды іске асыру, стресті активтерді басқару және өз қызметін қаржыландыру үшін құнды қағаздарды шығару. ПНҚ-ның 2017 жылғы тексерісі қазір аяқталған және директорлар кеңесінің шешіміне шығарылды, бірақ әлі жарияланған жоқ деп атап кетті қордағылар.
 

"Қазақстанның орнықтылық қоры" акционерлік қоғамы 2017 жылдың 11 қыркүйегінде тіркелген. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "ҚОҚ" АҚ-тың жалғыз акционері болып табылалды.Қоғам 2017 жылдың IV тоқсаны мен 2018 жылдың I тоқсанында болған банктерді қаржылық сауықтандыру бағдарламасының операторы

Майра Медеубаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу