"Елбасы елді демократияландыруға үлкен мән беріп отыр"

1642

Мұны біз қос қолдап қолдаймыз.

"Елбасы елді демократияландыруға үлкен мән беріп отыр"

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қырыққа жуық өкілеттігін үкімет пен парламентке беру жөніндегі үндеуі елдің алдағы өміріне қандай өзгеріс әкелетіні жайлы парламент мәжілісінің депутаты, "Ақжол" фракциясының мүшесі Азат Перуашев abctv.kz-ке берген сұхбатында айтып берді.

Президенттің үндеуін тыңдап шығып, өзіміздің әріптестерімізбен, "Ақжол" партиясының орталық кеңсесінің, фракцияның мүшелерімен хабарластым, орталық кеңес президиумының кезектен тыс отырысын өткізейік деп отырмыз. Ертең таңертең жиын өткізіп, президенттің үндеуін талқылаймыз.

Бұл талқылау еліміздің алдағы демократиялық ілгерілеуінде маңызды рөл ойнауы мүмкін. Үндеуге атүсті қарамай, оны іске асыруға атсалысуымыз керек. Бұл үндеуде мемлекет басшысы елді демократияландыруға үлкен мән беріп отыр, мұны біз қос қолдап қолдаймыз. Ақжол партиясы қашаннан демократиямызды дамытуға, парламенттің қалыптасуына, оның құқықтарын кеңейтуге атсалысып келеді.

Бүгінгі әлемдегі күрделі жағдайда президенттің өкілеттіктерін парламентке беруге елбасы үлкен маңыз беріп отыр. Біріншіден, біз қалай болғанда да президенттік жүйені жариялап отырмыз. Бұл – парламенттік жүйе емес, президенттік жүйе екенін ұмытпауымыз керек.

Мұндағы президенттің рөлі мынадай болмақ. Қазіргі үш билік – сот билігі, атқарушы билік және өкілетті органдарды біріктіріп, оны бір жүйеге келтіру функциясы елбасының қолында қала береді. Сол себепті де бұл – президенттік жүйе. Ал осы үш билікті өз функцияларымен, өз құқықтарымен толықтыруды тереңірек талқылап, жақсылап өлшеп шешуіміз керек.

Президенттің бүгінгі үндеуі қысқа болғандықтан, нақты қандай өкілеттіктерді беретіні әзірге белгісіз. Оның толық мазмұны ертең шығуы керек. Алайда қазіргі кезде бір белгілісі – президенттің 40 өкілеттігі үкімет пен парламентке беріледі. Парламенттің алдағы секциясында осы мәселені қараймыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу