"Қазақмыс"-тың барлық өндірістік үдерісі жаңғыртудан, автоматтандырудан және цифрландырудан өтеді"

3980

Мыс корпорациясы өзінің тиімділігін арттыру үшін инновациялық әзірлемелерді арттырып жатыр.

"Қазақмыс"-тың  барлық өндірістік үдерісі жаңғыртудан, автоматтандырудан және цифрландырудан өтеді"

 Соңғы екі-үш жылда жаңғырту аясында "Қазақмыс" кеніштеріне қандай тау-кен машиналары мен жабдықтары сатып алынды? Алдағы бес жылда техника паркі жаңартыла ма?

– Соңғы екі-үш жылда Copco (қазіргі Epiroс), Sandvik, Caterpillar сияқты әлемдік брендтердің 80 тау-кен-шахталық машинасын сатып алдық. Оның ішінде негізінен 41 самосвал, 17 тиеп-жеткізу машинасы және 22 бұрғылау жабдығы бар. Сатып алынған машиналар тау-кен өндіру өнеркәсібінің негізгі жұмыстарын атқару үшін пайдаланылады. Машиналарды пайдалану кезінде олардың жақсы жұмыс істейтініне көзіміз жетті.

Тау-кен өндіру кешенінің кәсіпорындарында атқарылған жұмыстардың сапа көрсеткішін жақсарту мен тиімділігі жоғары өнімділікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық жоспар құрдық, онда алдағы бес жылда 267  тау-шахталық машиналарды айырбастау қарастырылған.

 Компанияда машина жасау бағыты қарқынды дамуда, сонымен қатар ҚҚМЗ-ны жаңғырту жұмысы аяқталып қалды. Машина жасау өнімін жеткізуде ТКК-ның басқа кәсіпорындарымен салалық ішкі кооперацияны күшейтуді жоспарлап отырсыздар ма? 

– Қазір "Орал тау-кен-металлургиялық комбинаты" (УТМК) холдингімен ынтымақтастық жасау жолы қарастырылып жатыр. Әріптестерді Maker ЖШС (ҚҚМЗ) шығаратын өнімдер, яғни шахтаның бағандық жабдықтары – тор, скип, қозғалатын көлік – жүк вагондары мен әртүрлі жолаушылар вагоны, арнайы жерасты техникасы, өздігінен жүретін жерасты автобустары мен басқа да арнайы жабдықтар қызықтырып отыр.

 "Қазақмыс" алдағы бес жылда тағы алты кен орнын іске қосуды жоспарлап отырғанын  ескере отырып, кен байыту фабрикаларына арналған жабдықтар шығарасыздар ма?

– Иә, жаңа кен орындарының енгізуді ескере отырып, кен байыту фабрикалары үшін жаңа флотациялық жабдықтарды дайындау жоспарланып отыр.

– Қазір "Қазақмыс" геологиялық барлау мен барлауға дейінгі жұмыстарды жақсы жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстар қай өңірлерде жүргізілуде?

– Геологиялық барлау жұмыстары "Қазақмыс" жұмыс істейтін барлық өңірде– Жезқазған, Қарағанды, Балқаш және Шығыс Қазақстанда жүргізіледі. Жаңа мыс кені нысандарын анықтауға арналған іздеу жұмыстарына  заманауи геофизикалық технология - TDIP және AMT+MT электрлік барлау әдісі қолданылады. Бұл технология әртүрлі типтегі кен орындарын іздеу мен барлауда кең ауқымды міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Бұл ретте кешенді тәсілдерді қолдану кен нысандарының белгілерін үлкен тереңдікте анықтауға және кен жайылуының жасырын және әлсіз білінуіне толық болжам жасауға көмектеседі.

–  Жер қойнауы туралы кодекс аясында корпорацияның кен орындарының қосалқы аймақтары бар деп айта аласыз ба? Егер бар болса, олар қай аудандарда?

– Жер қойнауын пайдалану кодексіндегі өзгерістерге сәйкес, қала құрушылар санына кіретін жер қойнауын пайдаланушы өндіру учаскесінің сыртқы периметрінен 30 шақырымнан аспайтын қашықтықта орналасқан жерді жер қойнауы аумағының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына қосуға өтініш беруге құқы бар. Аталған норма биылғы жылдың қаңтарынан бастап енгізілген. 2018 жылдың сәуірінде инвестиция және даму министрлігіне тиісті өтініш бердік. Өтініште жер қойнауын пайдалануға арналған сегіз келісімшарт бойынша таулы жерлермен жанасатын аудандар, яғни Жезқазған өңіріндегі – Жезқазған, Жыланды және Жаман-Айбат кен орны, Қарағанды өңірінде – Ақбастау, Қосмұрын және Абыз, Балқаш өңірінде – саяқ және Шатыркөл кен орындары енгізілді.

  Балқаш зауытының аффинажды цехы Лондонның металдар биржасынан Good Delivery мәртебесін қашан алады?

– Лондон қымбат металдар нарығы қауымдастығының талаптары бойынша Good Delivery– "Сенімді жеткізуші" мәртебесін растау үшін үш жыл қатарынан жылына 10 тонна алтын шығару керек. "Қазақмыс холдинг" жоспарына сәйкес аталған мақсатқа келесі жылы қол жеткізеді.

Осы арада Балқаш зауытында қымбат металдарды өндіруден қалған балқытылған қалдықтарды өңдеу технологиясын әзірлеп, енгізіп жатқанымызды айтқым келеді. Қазір бұл жартылай өнім түпкілікті тауарлық өнім болғандықтан, төмендетілген баға бойынша сатылып жатыр. Біздің енгізіп жатқан технологиямыз қалдықтарды кен қыздыратын пештерде балқытуды қалыпқа келтіруге негізделген. Осының нәтижесінде дайындығы жоғарғы дәрежедегі тауарлық өнім, құрамында қымбат металдар бар тазартылмаған қорғасын алынады. Бұдан басқа тауарлық өнім түрінде мыс шыланқұрамдары мен сурьмян қоспасы алынады.

Сонымен қатар аффинаждық өндіріс бойынша қазір тағы бір жоба енгізіліп жатыр. Балқаш мыс зауытының қымбат металдар цехында қорғасын, сурьма және темір сияқты металдардың 20 пайыз қоспасы бар қара селен алынады. Олар нарықта өндірістің қалдықтары ретінде орташа нарықтың деңгейден төмен бағада сатылады.

Алматыдағы металлургия және байыту институтының ваккумдық үдерістер зертханасымен бірлесіп қара селенді тазартудың ваккумды-дистилляциялық тәсілі әзірленіп енгізілуде. Бұл технология бойынша құрамында  99,5-99,8% селен бар тауарлық таңбалы селенді алуға болады. Селенді тазарту тәсілі реагнеттерді пайдалануды қажет етпейді және одан қалдық қалмайды. Өйткені алынған қоспалар қымбат метел өндірісінің өңдеуіне қайта жіберіледі.

– "Қазақмыстың" барлық кәсіпорындарын толық цифрлық бизнес-интеграциялау үшін қандай қадам жасалып жатыр?

– Тап қазіргі кезеңде "Қазақмыс холдинг" бес бағыттан тұратын, бірыңғай "IT трансформация" саясатын әзірлеп жатыр. Бұл – бірыңғай ақпараттық кеңістікті және ақпараттық жүйелер жұмысы регламентін құру, өндірістік автоматиканы ақпараттық-технологиялық қамтамасыз ету кешендерін, мәліметтерді беру инфрақұрылымын жаңғырту және мәліметтерді өңдеу, ақпараттық қауіпсіздік сонымен қатар еңбекті қорғау қауіпсіздігі жүйесін басқарудың  шоғырландырылған бұлттық орталықтарын ұйымдастыру.

Бесінші ең маңызды компонент – бұл холдингте және корпорациядағы орталықтандырылған IT басқару. Осы бес бағыттың әрқайсысын іске асыруда бірыңғай тәсіл, бірыңғай стандарттар мен холдингтің ақпараттық технологиясын пайдаланудың регламентін жасауға ерекше назар аударылады. 

– Сенімділік тұрғысынан алып қарайтын болсақ, "Қазақмыс" кәсіпорындарында жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесі қалай жаңғыртылып жатыр?

– Maker  ЖШС корпорацияның техникалық қызметімен бірлесіп, жабдықтардың мониторингін жасайды, осының нәтижесінде проблемалық орындар анықталып, жұмыстың сенімділігін арттыратын құрылымдылық және технологиялық жақсартулар енгізіледі. Келешекте барлық шығарылатын өнімді RFID-таңбасымен таңбалап, мәліметтердің бұлттық жиналуын енгізу жоспарланып отыр. Бұл жабдықтың жұмысы, техникалық қызмет көрсету туралы ақпаратты жинауды ұзартуға мүмкіндік береді де, жабдықтың жұмыс істеу сенімділігін арттырады.

  Корпорацияның еңбек министрлігімен мақұлданған жол картасы бар. Алдағы жылдары әкімшілік қызметкерлердің жартысы жұмыстан кететіні белгілі. Олардың еңбек нарығынан жұмыс табуы үшін қайта оқытасыздар ма? 

– Қарағанды облысы әкімдігімен, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, 2017 жылдың желтоқсанында компания жұмыскерлерінің ағынын басқару бойынша "Жол картасы - 2017-2025"-ке  қол қойылды. Осыған байланысты компания әкімшілік-басқару қызметкерлерінің белігілі бір санын жұмыстан босатуды жоспарлап отыр.

Жоспарланып отырған шараларды іске асыру барысында жұмыстан босатылған жұмыскерлерді корпорацияның құрылымдық бөлімшелері мен басқа да топ бөлімшелеріндегі бос жұмыс орындарына орналастыру жолы мұқият қарастырылатын болады. Қажет болған жағдайда жұмыскерлерді басқа мамандақтарға қайта даярлаумен айналысамыз.

 "Қазақмыстан" босатылатын әкімшілік-басқару қызметкерлерін немесе инженерлік-техникалық жұмыскерлердің жартысын жұмысқа алу үшін "АрселорМиттал Теміртау" және Қарағанды облысындағы "Қазмырыш" компаниясымен келіссөз жүргізіп жатқан жоқсыздар ма?

–  Қазақстандағы басқа компанияларда бос жұмыс орындары болатын болса, онда оларға келісім бойынша жұмысқа тұрғызамыз. Оның ішінде сіз айтқан компаниялар да бар. Босатылған қызметкерлерді басқа компанияларға мүмкіндігінше жұмысқа алу бойынша бірлесіп әрекет етуге қатысты басқа компанияларға тиісті хат жіберілді. 

Қызметкерлерді жұмыстан босату Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы мен жол картасы талаптарына сәйкес жүргізіледі. Жол картасында әкімдіктердің жұмыстан босатылған жұмыскерлерді жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа тұрғызуға көмектесу шаралары қарастырылған.

Саян Абаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу