"Қазатомөнеркәсіп" ескі кеніштерін жабады

3702

Қазақстанның мемлекеттік уран компаниясы Лондонда IPO-ға шығарылуы мүмкін.

"Қазатомөнеркәсіп" ескі кеніштерін жабады

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ кейбір ескі кеніштерін мерзімінен бұрын жабуы мүмкін. Бұл туралы Financial Times (FT) жазды. Аbctv.kz қандай нысандар жабылуы мүмкін екенін, сондай-ақ бұл қазір ұлттық компанияда жұмыс істейтін 20 мың адамға қалай әсер ететінін анықтай алмады. Материалды жазу барысында ұлттық компаниядан бұл сұраққа қатысты түсініктеме берілген жоқ.

Ұлттық компанияның басшысы Ғалымжан Пірматов Лондондағы салалық симпозиумда: "Алға қадам баса отырып, нарықтық болжамға сай болу үшін өндірістің деңгейін өзгереміз", – деген болатын. Сондай-ақ ол компания қазір бірқатар ескі кеніштерді мерзімінен бұрын жабу жолын қарастырып жатқанын айтты.

Соңғы жылдары уран бағасының төмен болуынан АҚШ, Канада және Аустралиядағы түрлі уран кеніштерінің жұмысы тоқтап қалған. Қазақстандағы негізгі ойыншылардың өндірісті төмендетуі нәтижесінде соңғы кезде уранның қазіргі бағасы біршама өсті. Яғни былтырғы жылғы бір фунт үшін 20 доллар болған баға 27 долларға дейін артты. Бұл ретте "Қазатомөнеркәсіптің" кейбір бірлескен кәсіпорындарында өндірістің өзіндік құны бір фунт үшін 7-10 долларға жеткенін мемлекеттік компанияның шетелдік серіктестері бұған дейін айтқанын болатын. ВМО компаниясының мәліметі бойынша, уранның жаһандық қоры 2009 жылғы 598 млн фунттан (250 мың тонна) бүгінгі күні 800 млн фунтқа дейін жеткен. Бұл әлемдік сұраныстың төрт жылын жабады. Алайда бірнеше жылдан кейін кейбір елде атом электр станциялары жаппай іске қосылады деп күтіліп отыр. Ал бұл металға деген сұранысты айтарлықтай арттыруы мүмкін.

Қорды қаттап тастауға "Қазатомөнеркәсіпте" үлес қосып отыр. Компания маусым айында Yellow Cake қорына нарықтық бағадан 7,7%-ға жеңілдікпен 170 млн долларға дейінгі сомаға шамамен 3 645 тонна уранды жеткізуге келісім жасаған. Сатылған уран канадалық Cameco уран компаниясының қуатында сақталатын болады. Бұл компания жақында өз клиенттерінің сұранысын қамтамасыз ету үшін шикізатты қосымша сатып алу бойынша тендер өткізетінін жариялаған. Cameco баспасөз қызметі "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының сатып алу конкурсына қатысады ма деген сауалға жауап бермей отыр.

"Қазатомөнеркәсіп"компаниясының баспасөз қызметі abctv.kz-тың Yellow Cake-мен келісім жасауда төмендетілген бағаны пайдалануда трансфертік салық салуға қатысты сұрағына да түсініктеме берген жоқ. Ал мемлекеттік кіріс департаменті бұл тақырып келесі жылы, 2018 жылдың көрсеткіші белгілі болған кезде талқыланатын болады деп жауап берді abctv.kz-ке.

Жыл басында энергетика министрлігіндегі алқа отырысында 2017 жылы Қазақстандағы уран өндірісінің көлемі 23,3 мың тонна болғаны айтылған еді. Ал уран өндіру деңгейі 23,1 мың тонна болады деп болжанған. Интерфакс қыркүйек айының басында Қазақстан қаңтар-тамызда уран өндіруді 6,7%-ға қысқартты деп хабарлаған болатын.

Мамыр айының басында энергетика министрі Қанат Бозымбаев шикізат бағасының төмендеуіне байланысты Қазақстан 2018 жылы уран өндіруді 2017 жылға қарағанда шамамен 7,7%-ға, яғни 21,6 мың тоннаға дейін айзайтады деген еді. Сонымен қатар FT мәліметі бойынша, қыркүйектің басында өткен Бүкіләлемдік ядролық қауымдастық симпозиумында Ғалымжан Пірматов үкімет корпорацияның IPO-сын батыс қор алаңдарына орналастыру жолын қарастырып жатқанын мәлім еткен-ді.

"Сарапшылар компания Лондондағы бастапқы орналастыруға мән беріп отыр", – деп жазады FT.

IPO-ға дайындық барысында АҚШ-тағы уран нарығындағы тексеріс барысында ықтимал шектеулердің әсер етуіне ерекше мән беріледі. Ол жерге Қазақстаннан да уран жеткізіледі.

Алайда ұлттық компания бұл процестердің компания жұмысына әсері жайында abctv.kz-ке түсініктеме бермей отыр.

Гүлназ Ермағанбетова, Данияр Серіков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу