"Мұндай шаруада әзілге орын жоқ"

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
2268

Қаржы вице-министрі құрылыс саласын қазынашылық сүйемелдеу жайын сөз етті.  

"Мұндай шаруада әзілге орын жоқ"

"Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасының (КҰП) қабырғасында құрылыс мәселесіне қатысты қоғамдық тыңдау өтті.

"КҰП 2017 жылдың ақпанында барлық жеткізушілер үшін қазынашылықтағы арнайы шотты алып тастау керектігі туралы мәселе көтерген болатынбыз. Бұл мәселеде қаржы министрлігі бізге қолдау көрсетті. Қазіргі уақытта Ақмола, Қарағанды облыстарында және Астана қаласында ілкі жобалар іске қосылды. 2017 жылдың 28 наурызында алғашқы қоғамдық тыңдалым біздің алаңда өтті", – деді КҰП басқарамасы төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов.

Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов қазынашылық сүйемелдеу механизмдерін іске қосу жайын сөз етіп, қазынашылық жобалық-сметалық құжаттардағы сәйкестікті (ЖСҚ) инжиниринг компаниялар арқылы тексерілетіндігін айтты. Бүгінгі таңда инжирингтік компанияларға төлем сертификатын жасау жүктелген.   

"Олар бәрібір барлық құрылысты ЖСҚ сәйкестігіне тексеріп, төлем сертификатына қол қояды. Осының негізінде қазынашылық төлем жасайды. Қазынашылық – құрылысшы емес, онда тек қаржылық құжаттар ғана бар. Қазынашылықта шот ашатын бірінші желідегі қосалқы мердігер өзінің төлемдерін МКД жүйесімен берілген төлемдер мен шот-фактура негізінде жасайды. Бұл қазынашылық төлем жасауға негіз болады. Құрылыстың жүргізілу барысына бақылау мен мониторинг жасау, жобаны және барлық процесті басқару инжинирингтік компанияға беріледі. Біз жаңадан ештеңе ойлап тапқанымыз жоқ. Біз екінші деңгейлі банктердің құрылысқа несие берудегі қолданып жүрген тиімді механизмін қолданатын боламыз. Банк ештеңеге араласпайды. Ол тек барлық бақылауды инжинирингтік компанияға беріп қояды, біздің де рәсімдеуіміз осыған ұқсас", – деді  вице-министр. 

Берік Шолпанқұлов жиналғандарға демпинг емес, дұрыс бәсекелестікті ұстану  керектігін айтты.

"Бізде ең басты мәселе банктік кепілдемеге қатысты болды. Заңда тікелей нормалар қарастырылмағандықтан,  ілкі жоба кезінде шектеу қоюды алып тастай алмадық. Сондай-ақ шектеуді демпинг барысында алып тастау мүмкін емес болды.

"Осы себепті КҰП-та кеңес өткізіп отырмыз. Мұндағы мақсат жоғарыдағы аталғандай жобалар үкіметтің, барлық құқық қорғау органының бақылауында екендігін бизнес-құрылымдар білсін дедік.  Өйткені бұл шектеулерді алып тастау үшін біз прокуратурадан, қаржы полициясынан көмек сұрадық, бірақ та құқықтық негіз барлығынан биік тұрады, сол себепті ілкі жоба барысында оны  іске асыра алмадық, – деді ол. – Осыған орай, бизнесте дұрыс бәсекелістік болу керектігін баса айтқым келеді. Әсіресе, құрылыспен айналысып, инжинирингтік компания арқылы  жұмыс жасайтындар демпинг жасамағаны абзал. Өйткені сіз ақшаңыздың  жартысын қанша қайтарып алғыңыз келсе де, бір де бір тапсырыс беруші бағаны арттыруға келіспейді.   Сіздердің арзандатып ұсынған сметалық құжатыңыз бойынша үй салып немесе жөндеу жұмысын жасау мүмкін емес. Сондықтан бұл жерде дұрыс  арзандату, дұрыс бәсекелестік болу керек. Әйтпесе сіздің нысанға таласып, ойланбай істеген әрекеттеріңіз жобаға кесірін тигізіп, соның салдарынан өзіңіз барлық бақылаушының "қаһарына" ілігесіз".

"Қазынашылық сүйемелдеу бойынша өткізілетін байқауға қатысатындар арасында дұрыс бәсекелестік болу керек. Сондай-ақ бұл инжинирингтік  қызметке де қатысты. Өйткені кішкентай сома үшін үлкен жұмыс жасау мүмкін емес. Бүгінгі күнгі тәжірибеде көріп отырғанымыз, сіздер тіпті ноль болып тұрғанның өзінде арзандатасыңдар. Осыдан барып, жұрттың көкейінде жобаны қалай алады, ол айлықсыз жүрмейтін еді ғой деген сұрақ туындайды", – деді вице-министр.

Ол процеске қатысушылардың барлығы қатаң бақылауға алынатынын да айтып кетті. 

"Сондықтан бұл жерде дұрыс демпинг болу керек. Бұл екі мәселені реттеу үшін қолдан келгеннің барлығын жасадық, бірақ біздің ұсынысымыз қабылданбады. Алайда бір айта кетерлігі, біздің жоба барысында бекіткеніміз заңнамалық деңгейде қалыптасқан ұсыныстар. Оның ішінде мемлекеттік сатып алуларға қатысты демпингті алып тастау және қазынашылық сүйемелдеу, яғни қазынашылықта шот ашу бар. Яғни олар жобада бар, тәжірибе барысында құрылыс саласында, мердігер, тапсырыс беруші, қазынашылық және МКД арасындағы өзара қарым-қатынаста тағы қандай қиындықтар бар екенін анықтаймыз. Оларды қолдан реттеуге, содан кейін заңнамалық деңгейде реттеуге дайынбыз", – деді ол.

Қазынашылық сүйемілдеу бойынша бірінші желідегі мердігер және қосалқы мердігер ғана қазынашылықта шот ашады.

"Ал қалғандары шот ашпайды, бұл КҰП-тың араласуымен іске асты. Сонымен бірге бас мердігер инжинирингтік компания қол қойған сертификат негізінде төлем жасайды, ал басқа қосалқы мердігерлер өз қаражаттарын электронды шот-фактура негізінде жасайды", – деді вице-министр.

"Шоттағы барлық ақша жоба біткенге дейін жатады, ал жоба бітіп, нысан пайдалануға берілгеннен кейін қазынашылық барлық ақшаны екінші деңгейлі банктегі шоттарыңа аударады.  Сондай-ақ қазынашылық транзакция жасағаны үшін комиссиялық алым алмайды. Барлығы тегін жасалады. Бұдан басқа, проблемалар да бар, мысалы, инжинирингтік компания жобалық-сметалық құжатта қарастырылатын ақша жеткіліксіз дейді. Бұл істі жылжыту үшін қазынашылық сүйемелдеу жобасын енгізу және өзара тығыз әрекет ету барысында барлық проблемалық сұрақтарды көтеруіміз керек. Біз ай сайын үкімет алдында есеп береміз, сол кезде бұл мәселелерді де қарастыратын боламыз. Қалай болғанда да құрылыс саласы мемлекеттің тарапынан салым салынып отырған ең үлкен қаржы сыйымдылығы және экономиканың қозғаушы күші", – деді ол.

Вице-министр барлығы жемқорлық шығынды азайтатын механизмнің болғанын қалайды деп атап көрсетті. Бұл мәселе премьер-министр және барлық мүдделі органдардың қатысумен талқыланатынын айтты.

Сонымен бірге вице-министр процеске қатысушылар "дұрыс демпинг" жасамаған жағдайда  не болатынын да айтып кетті. 

"Cіздердің барлық транзакцияларыңыз көрініп тұрады, сондықтан істі ақылға сыйымсыз деңгейге жеткізбеңіздер. Егер оны қолдансаңыз, біз қатаң қадағалауға аламыз, осыны біліңіз. Біз 10%-ға дейінгі арзандатуды түсінеміз. Бірақ егер жобалық-сметалық құжаттама бойынша 100 млн, ал сіз 50 млн-ға түсірсеңіз, бұл қалыпты бәсекелестік болып есептелмейді. Біз сіздерге келіп бұл істі қалайша 50 млн-ға істемексіз деп сұраймыз. Сіз қолданатын тауардың құны қанша және осыншама арзан тауарды қайдан әкелесіз деген сұрақтар қойылады. Осыған байланысты осыны барлық бизнестің назарына жеткізіңіздер, мұндай шаруада әзілге орын жоқ. Бұл жобаны премьер өз бақылауына алды, бәрі қарап отыр. Сондықтан сіздің барлық әрекетіңіз, қайда, не үшін қаражат төлегеніңіз бақылауда. Жоба аяқталып, толығымен тапсырылғанға дейін әр тиын сұралады. Құрылыс аяқталып барлық транзакциялар аяқталғаннан кейін барлық қаражат қазынашылық есептен мердігерлер мен қосалқы мердігерлердің есепшотына аударылады, осыдан соң қалған қаражатты қайда жұмсасаңыз да өз еркіңіз, оны ешкім қадағаламайды", – деп баса айтты Берік Шолпанқұлов.

Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі заң жобасы мамыр айында үкімет пен КҰП-та осы жұмыс аясында бизнестің мүддесін таныстыратын болатынын баса айтты ол.

Ал қазіргі жағдайға келетін болсақ, биылғы жылдың құрылыс маусымы қолданыстағы ережелер бойынша басталады.

"Қазір құрылыс маусымы енді басталды. Құрылыс локомотивті алға жылжып барады және мұнда ешқандай кідіріс болмауға тиіс, сондықтан мен бизнеске қарап айтамын – қисынды бәсекелестікті сақтаңыздар, жеңіске жету үшін бағаны төмендетпеңіздер. Бәрібір сізге келеді. Осындай таңқаларлық бағаға жету үшін қалай үнемдеп жатқаныңыз сұралады", – деді Берік Шолпанқұлов.

Егер компания әлдеқайда арзан баға қойып жеңіске жетсе және өзіне алған міндеттерді орындамаса, онда қаржы министрлігі тіпті лицензияға алуға дейінгі қатаң шара қолданатынын ескертті.

"Ол (тендердің/байқауды жеңімпазы – автордың ескертп.) байқау бойынша өтеді, бірақ оның барлық транзакциялары бақылауға алынды. Ол орындауға міндетті істің барлығын орындайды, себебі біз құрылыс жөніндегі комитетті, сәулет қадағалау органдарына бақылау жүргізуді міндеттейміз, – деді вице-министр. Егер ол бағаны әдейі арзандатқаны анықталса, бұл қатер ғой, біз оның жұмысын соңына дейін бақылаймыз. Егер алаяқтақ жасап отырсаңыздар, естеріңізге сақтаңыздар, сіздерге келеміз. Әсер ету құралдарын тауып, сізді құрылыстан шығарып жібереміз, лицензияңызды алып қоямыз".

"Сол себепті егер сіздер қол қоймау туралы шешім қабылдасаңыздар, мәселені шешу үшін барлық уәкілетті органдар іске қосылады. Біз бизнестің шығындарын төмендету үшін барлығын зерттеп жатқанымызды айттық, құрылыс барысын бақылау жүйесі бойынша әр тараптағы адамдар бөлініп, инжиринингтік компания актіге неліктен қол қоймай жатыр деген мәселелерді шешетін болады. Негіздемесі қайда, осының барлығы жедел зерттеліп, егер ол арзандатқаны үшін ақшасын қайтарғысы келген жөнсіз талаптар болса, бұл мәселелер талқылауға шығарылады. Осылай болатынын білемін, сондықтан алдын-ала ескертемін", – деді Берік Шолпанқұлов.

Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы құрылыс комитетінің төрағасы Төлеген Әшімов қазіргі кезде ағымдық жөндеу жұмыстары нарығында жеңілдіктер 50-60%-ға дейін жететін айтты.

"Мұндай жағдайдың байқалғанына екі жыл болды. Нарық бұзылды десек артық емес. Бұл нарыққа инжирингтік  қызметтер қатыстырылмайды, оның үстіне құрылыс комитеттері де бұл нарықты қадағаламайды. Бұл нарықты мектеп директоры, аурухананың бас дәрігері бақылайды, ал олар кәсіби құрылысшы емес қой. Оларға 60%-дық жеңілдік беріп тұрған мердігер келсе, әрине, ол өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамайды. Осыдан соң үлкен жанжал туады", – деді ол.

Осындай жеңілдіктердің қаптап кеткеніне байланысты, қазір кәсіпкерлер арасында үлкен  күрес жүріп жатыр.

"Әдейі арзандатуды жеделдетіп тоқтату керек", – деді Төлеген Әшімов.

Ал Елдос Рамазанов, өз кезегінде, дәл осы қаржы министрлігі демпинг мәселесін жақсы білетінін және бұл мәселе бірнеше рет талқыланғанын атап өтті.

"Бұл мәселеде қаржы министрлігі бізді қолдайды және біз одан әрі жылжитын боламыз. Мәселе шешіледі деп ойлаймын", – деді ол.

"Демпинг, банк кепілдігі туралы мәселелеріңізді біз түсіндік және айтып өткенімдей ол заң жобасына енгізілді. Қазынашылық сүйемелдеу де солай. Болашақта сіздер көтеріп отырған мәселелер заң жүзінде реттеледі деп үміттенеміз. Бірақ биыл заң шықпай тұрып біз бұл мәселені толық шеше алмаймыз", – деп түйіндеді Берік Шолпанқұлов.

 Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу