"Отандық IT компанияларды үлкен сынақ күтіп тұр"

Гүлбаршын Сабаева Гүлбаршын Сабаева
7741

Қазақстанның математиктері Римана гипотезасы мен Навье-Стокса проблемасын шешуге  тапсырыс берді.

"Отандық IT компанияларды үлкен сынақ күтіп тұр"

Қазақстан IT компаниялары қауымдастығының президенті Нұрлан Исин 2015 жылдан бастап еліміздің ақпараттық  технологияларын қаржыландыру көрсеткіші қысқарғанын айтты. Сонымен қатар ол өткен жылғы жағдай да көңіл көншітпегенін тілге тиек етті. Осының салдарынан елдегі IT компаниялардың саны күрт қысқарып қалған көрінеді.

"Отандық IT компанияларды үлкен сынақ күтіп тұр. Себебі әлемнің басқа елдеріндегідей Қазақстанда криптавалюта мен блокчейн технологиясына қатысты саясатын қайта қарайды.  Былтыр ақпараттық технология саласында еңбек етіп жүрген Қазақстанның математиктері Римана гипотезасы мен Навье-Стокса проблемасын шешуге  тапсырыс берді. Егер өтініш иелерінің кандитатурасы бекітілсе, біздің ғалымдар да әлем бойынша блокчейн технологиясын дамытуға үлес қосады", – деді Нұрлан Исин.

Еліміздің IT технология саласында қордаланған мәселелер бар екен. Бұл туралы Нұрлан Исин: "Қазақстанда IT қызметін ұсынатын компаниялардың жұмыс істей бастағанына 2-3 жыл болды.  Жаңа бағдарламалар жасаумен айналысатын компанияларға салық жеңілдіктері қарастырылмаған. Осының салдарынан олар түрлі бағдарламалар мен сервистік қызмет жүйесін сандық жүйеге көшіруге инвестиция сала алмай отыр", – деді.

Бізге IT нарығының қазіргі қалыптасқан құрылымын емес, оған қатысты көзқарасты өзгерту қажет екен. Осылай болғанда экономиканы цифрлық  жүйеге көшудің қарқыны күшейетін көрінеді. Осыған қатысты қауымдастық президенті: "Әлемде бір-бірімен интеграцияланбаған мемлекет жоқ. Түбінде сарапшылар арасында  IT нарығының интеграциясы деген термин пайда болады. Осыған дейін біз экономикадағы , әлеуметтік сектордағы IT үлесін ұлғайтып алуымыз керек. Өздеріңіз көріп отырғандай, экономикадағы мемлекеттің үлесі жыл сайын азайып келеді. Жекешелендіру нәтижесінде  шетелдік инвесторлардың қатары көбейді. Бізге олармен бәсекелесуге тура келеді. Біз ақпараттық қауіпсіздігімізді өзіміз әзірлеген ақпараттық технологияның күшімен ғана қорғай аламыз", – деді.

Нұрлан Исиннің сөзінше,  IT нарығы қатысушыларының арасында  Қазақстандағы IT-дің негізгі міндеттері туралы ортақ түсінік қалыптаспаған. Қоғам цифрлық экономикаға көшпес бұрын IT индустриясы бізге не береді  деген сауалға жауап табуы тиіс. 

"Барлық саланы бірдей қамтып, озып шығу мүмкін емес. Сондықтан мүмкіндігімізге сай келетін, шамамыз көтеретін  секторларға қаржы салғанымыз дұрыс шығар.  IT саласында  бағыт -бағдар нақтыланбай, консенсусқа жету мүмкін емес. Сондықтан  қазақстандық  IT сектордың мүмкіндігі мемлекеттік деңгейде зерттелуі керек. Бағыт пен бағдар зерттеу нәтижесі бойынша нақтылануы керек", –  деп түйді ойын Нұрлан Исин.

"Dell EMC"  компаниясының Қазақстандағы өкілі Нұрлан Садықов IT индустриясы Орталық Азияда жаңа бағытпен дамып келе жатқанын тілге тиек етті.

"Нарық қалыпқа түсіп келе жатыр. 2015-2016 жылдары компаниялар кейбір жобаларды қаржылындыруды кейінге қалдырған еді. Қазір сол жобалар қайта қаржыландырылып жатыр", – деді Нұрлан Садықов .

Оның пікірінше, нарықтағы ойыншылар IT индустрияны бизнесті алға жылжытатын драйвер ретінде мойындай бастады.

"Тапсырыс берушілер IT инфрақұрылымын жаңғыртуға белсенді түрде қаржы құя бастады", –  деді ол.

Нұрлан Садықовтың сөзінше, "Цифлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы IТ нарықтың дамытудың қозғаушы күшіне айналады.

"Цифлы Қазақстан" бағдарламасы 2020 жылға дейінгі уақытты қамтиды. Осы уақыт аралығында  IТ индустриясы экономиканың драйверіне айналады. 2020 жылға дейін еліміздің барлық секторы цифрлық технологиямен толық қамтамасыз етілуі тиіс. "Цифлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында елімізде роботтық технология, жасанды интеллект, Big Data дамиды",  – деді Нұрлан Садықов.

"Цифлы Қазақстан" бағдарламасының бір бөлігі, "Smart City", яғни "Ақылды қала"  жобасы. Аталмыш жоба Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жүзеге аса бастады. Сарапшылар  жобаның басты мақсаты қалалық сервистің жұмысын оңтайландыруды көздейтінін айтады. Мемлекеттік бағдарлама арқылы ұсынылып отырған жоба  жаңа технологияларды қолданысқа енгізу арқылы мемлекеттің қаржысын үнемдеуді көздейді.

"IT  индустриясының негізгі драйвері  "Цифрлы Қазақстан" -2020" бағдарламасы мен "Smart City" жобасы болып қала береді. Біз осы екі жоба шеңберінде Big Data ақпараттық технологиясының көмегімен  қаланың инфрақұрылымын ақпарататтандыруға, үйлер мен  қоғамдық көліктерді  есептеу құрылғыларымен қамтамасыз етуге кірісеміз", – деді Нұрлан Садықов.

Гүлбаршын Сабаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу