"Тарату" операциясы ойдағыдай жүруде

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
2020

Жекешелендіруге жататын 93 нысан тарату және қайта құру рәсімінен өтіп жатыр.

"Тарату" операциясы ойдағыдай жүруде

Қазақстанда 2014 жылдан бастап 2017 жылды қоса алғанда 125,4 млрд теңгеге 447 нысан жекешелендірілген, деп мәлімдеді ҚР қаржы вице-министрі Берік Шолпақұлов.

"Жекешелендіру бойынша кешенді жоспарды орындау барысында 2014 жылдан бастап осы жылға дейін 125,4 млрд теңгеге 447 нысан сатылды. Ең көп сома - 82 млрд теңге, әрине "Самұрық-Қазына" холдингіне тиесілі. Қалғаны республикалық және коммуналдық жекеменшік кісіпорындар арасында бөлінді",  – деді ол 21 маусымда өткен баспасөз мәслихатында.    

2016 жылы 30,7 млрд теңгеге 147 нысан сатылған. Жекешелендіру рәсімі рәсімдерді қысқартуға қатысты заңға өзгерту енгізгеннен кейін жылдам жасалуда.

"2016 жылға қарағанда биыл 40 нысанды артығымен саттық", – деді вице-министр.

Қазақстанның түкпір-түкпіріне сатып алушылар болды, бірақ та Астана мен Алматының кәсіпкерлері аса қатты қызығушылық танытып, 48 нысанды Астана, 108 нысанды Алматының бизнесмендері сатып алған.

"2016 жылы теңгерімдік құны бес миллиард теңгеден асатын ірі нысандарға қатысты сатып алу алдындағы дайындық басталды. 2016-2020 жылдары 68 мекеме жекешелендіріледі, оның 16-сы республика меншігіндегі нысан. Белгілі компанияларды ашық және бәсекелі сату, сондай-ақ әділ нарықтық құнын белгілеу үшін тәуелсіз кеңесшілер тартылатын болады", – деді вице-министр.

Жекелеген компаниялар қор нарығына шығару немесе стратегиялық инвесторларға сату арқылы сатылатын болады.

"Кейбір нысандар заңда қарастырылғандай міндеттемелерімен қоса сатылады", – деді вице-министр.

Негізінен әңгіме инвесторлардың қаржы министрлігіне ұсынатын жекешелендіру нысандарындағы инвестициялардың көлемі, түрі мен мерзімін белгілеу туралы болып отыр.

Инвесторлар үшін  жұмыс жетерлік: өндірістің белгілі көлемін қамтамасыз ету, шығарылатын өнімдердің немесе көрсетілетін қызметтің номенкулатурасы, табиғатты қорғау іс шараларын өткізу, салалық қызметті сақтау, жұмыс орындарын сақтап қалу немесе жаңа жұмыс орындарын құру, Қазақстан азаматтары үшін штаттағы жұмыскерлер санының кем дегенде үштен бірін  жұмыспен қамту/сақтау, өндірістік нысандар мен әлеуметтік құрылымдарды пайдаланудың шарттары мен қазіргі тәртібін сақтап қалу, несиелік қарыздарын және жалақы бойынша қарыздарды жабу, белгілі бір уақытта келісім жасауға шектеу қою.

"Мемлекет басшысының жекешелендіруді 2018 жылдың соңына дейін аяқтауға берген тапсырмасына сәйкес біз нысандарды осы жылы сатуға шығару мақсатында әрбір нысан бойынша сараптама жасадық. Осылайша қалған нысандардың 80%-ы осы жылға ауыстырылды", – деді Берік Шолпанқұлов.

Осыған байланысты нысандарды сатуға шығару кестесі қайта бекітілді, сонымен қатар әр нысан бойынша жол картасы әзірленіп, бекітілген.

"2019-2020 жылдары сатылады деген 131 нысан 2017-2018 жылға ауыстырылды. Министрліктер мен ведомстваларға қарасты ұйымдардың жүргізген түгендеу нәтижесі бойынша қосымша 103 нысан қосылған.Сөйтіп 2017 жылы 493 нысан, 2018 жылы 102 нысан сатылады деп жоспарланып отыр,– деді Берік Шолпанқұлов. – "Самұрық-Қазынаның" 17 ірі компаниясы 2019-2020 жылдары сатылады деп жоспарлануда, оның 8-і IPO барысында сатылмақ. Осы жылдың өзінде 137 нысан сатылуға қойылды, оның ішіндегі 40 нысан 5,4 млрд теңгеге сатылып та кетті. 93 нысан жою және қайта құру сатысында. 97 нысан саудаға шығарылған. Сонымен бірге маусым айының соңына дейін14 нысан, ал шілде айында қосымша тағы 50 нысан сатуға шығарылады".

Сонымен бірге 2017 жылы құны бес млрд теңгеден жоғары 31 нысан сатылмақ.

"Осы жылы жақсы деген 31 нысан сатылмақ. Оның 6-ы республика меншігінде, 25-і квазимемлекеттік сектордың меншігінде. Егер нақтырақ айтар болсақ, бұл нысандардың 18-і "Самұрық-Қазына" холдингінікі. Осы жылы 3 нысан сатылып кетті", – деді вице-министр.

Гүлназ Ермағанбетова, Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу