​"ҚазТрансГаз" грузиндік еншілес компанияны сатудан 40 млн доллар табыс тапты

1788

Активке 160 млн долларға дейін қаржы салған ұлттық компания топ-менеджерлері мемлекетке үш есе артық шығын әкелді.

​"ҚазТрансГаз" грузиндік еншілес компанияны сатудан 40 млн доллар табыс тапты

"ҚазТрансГаз-Тбилиси" активтерін WALTBAY LTD компаниясына сату жөніндегі келісімнің құны 40 млн доллар болды. Бұл туралы abctv.kz-ке "ҚазТрансГаз" ("ҚТГ") баспасөз-қызметі мәлім етті.

Аbctv.kz-тің сауалына берілген жауапта: "2018 жылдың 13 қыркүйегінде "ҚТГ" мен WALTBAY LTD компаниясы арасында "ҚТГ-Тбилиси"-дің 40 млн доллар сомасындағы 100% қатысу үлесін сатып алу-сату келісімшарты жасалған", – деп жазылған.

Бұдан бұрын abctv.kz ұлттық компания грузиндік Caucasus Business Solution (CBS) бизнес-топтың оффшорлық еншілесі WALTBAY LTD компаниясына "ҚТГ-Тбилиси"-ді сатқаны жайлы хабарлаған болатын.

Forbes Kazakhstan мәліметі бойынша, "ҚазТрансГаз" компаниясы Тбилисидің "Тбилгаз" газ тарату компаниясын 2006 жылдың мамырында 12,5 млн долларға сатып алған. 2006-2009 жылдарда қазақстандық тарап "ҚТГ-Тбилиси"-ге және Тбилиси газ жабдықтау жүйесіне шамамен 130 млн доллар шамасында қаражат салған. Грузиндік активке кеткен жалпы шығыс 160 млн доллар болғанын abctv.kz-ке ақпарат көзі мәлім етті. Сол кезде қазақстандық газ ресейлік құбыр бойынша кетеді деп жоспарланған болатын, алайда 2008 жылғы соғыс барлық жоспарды бұзды, нәтижесінде кәсіпорынның әзербайжандық газды қымбат тарифпен сатып алуына тура келді.

"ҚТГ-Тбилиси"-дың 32,3 млн доллар қарызының салдарынан қазақстандық менеджментте активті басқаруға қатысты қиындықтар туындап, содан ол қызметтен шеттетілген болатын. Осыдан соң "ҚазТрансГаз" компаниясы грузиндік тараптың әрекетін қарау үшін төрелік сотқа жүгініп, 180 млн доллар сомаға талап-арыз берді. Бұл жерде жұмсалған 130 млн доллар қаражаттан басқа 50 млн доллар материалдық шығын ретінде көрсетілді.

Сонымен қатар Грузиямен арадаға келіссөздер кезінде қарыздарды есепке алу мәселесі де қаралады, өйткені кавказдық республика Қазақстанға 27 млн доллар қарыз болған. Ақыр-соңында қыркүйекте тараптар қарыздарды өзара есептен шығару шарты бойынша бейбіт келісімге келгені белгілі болды. Содан барып "ҚТГ-Тбилиси" шамамен 37 млн доллар төлеуден құтылған.

WALTBAY LTD компаниясының "ҚТГ-Тбилиси" АҚҰ-ға иелік қағазды рәсімдеу үшін қойған алдын ала шарты – "ҚТГ-Тбилиси" АҚБ-ны Грузия үкіметі алдындағы қазіргі міндеттемелерінен босату және "ҚТГ-Тбилиси" клиенттерінің 347 млн лариден (141 млн доллардан астам) астам берешегін қазақстандық кредиторлардың талап ету құқықын WALTBAY LTD компаниясына беру болды. Қазақстандық тарап келісім берді.

WALTBAY LTD компаниясы мен қазақстандық кредиторлар Грузия үкіметінің барлық талабын қанағаттандырды, есесіне "ҚазТрансГаз-Тбилиси" мемлекет алдындағы бар міндеттемелерден босатылды. WALTBAY LTD компаниясы халықты табиғи газбен сапалы және қауіпсіз жабдықтауға дайын", – деді CBS тобы.

Данияр Серіков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу