"1 миллион доллар!": АҚШ-тағы баспаналардың болашақтағы бағасына болжам жасалды

Мұндай жорамал Ұлттық риэлторлар қауымдастығының (NAR) бас экономисі Лоуренс Юнның деректерінде кездеседі.

"1 миллион доллар!": АҚШ-тағы баспаналардың болашақтағы бағасына болжам жасалды Фото: ЖИ

Оның сөзінше, АҚШ-тағы үйдің орташа бағасы 2050 жылға таман 1 миллион долларға жетуі ықтимал, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

25 жылда мұндай өсім адам сенгісіз болуы мүмкін, десе де маман 1990 жылы үйдің орташа бағасы небәрі 90 000 долларға сай келгенін нақтылайды. 

Сарапшы жылжымайтын мүлік бағасының өсуі үй иелері байлығының артуына ықпал ететінін жасырмайды. Сонымен қатар, жалға алушылар мүлік бағасының өсуінен пайда көрмейтінін айтып, бұл үй иелері мен жалға алуды жалғастыратындар арасындағы қаржылық теңсіздікті одан әрі арттыратынын болжайды. 

Realtor.com сайтының мәліметінше, АҚШ-тағы үйдің орташа сатылым бағасы мамыр айында шамамен 430 000 доллар болған, бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 2%-ға жоғары. Сонымен қатар, Zillow мәліметтері бойынша, АҚШ-тағы барлық тұрғын үй түрі үшін орташа жалдау ақысы – айына 2006 доллар, бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 6 долларға жоғары.

Юн "2026 жылы АҚШ-та экономикалық рецессия болмайды" деп болжайды, ипотекалық мөлшерлемелер биыл шамамен 6,5% болып қалады, ал қолданыстағы үй сатылымы 4%-ға өседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу