Компания "GMO Cybercrime Bounty" бағдарламасы аясындағы ақпарат жапон, ағылшын және қытай тілдерінде қабылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бағдарлама күдіктілер ұсталғанға дейін жалғаспақ. Сондай-ақ, компания дербес деректері жария болғаны расталған зардап шеккен клиенттерге 3 млн иенге дейін (шамамен 19 мың доллар) өтемақы төлейді.
Кибершабуылға қатысы бар деген күдікке ілінген хакер компаниядан 1 млн доллар көлемінде төлем сұраған. Талап орындалмаған соң, ол бір клиенттің аты-жөні, мекенжайы және басқа да жеке деректерін интернетке жариялаған. Хакер клиенттердің деректерін күн сайын жариялайтынын да ашық айтқан.
GMO компаниясы пайдаланушыларды жарияланған мәліметтерді елемеуге шақырып отыр. Себебі, хакерлер сайтқа кіру тарихы мен басқа да деректерді жинауы ықтимал.
Шабуыл Onamae.com Desktop Cloud қызметіне бағытталғаны расталды. 20 қазанда жүргізілген тексеру барысында кейбір клиенттің серверлеріне бөгде тұлғалар рұқсатсыз бағдарлама орнатқаны анықталған.
GMO бас директоры Масатоси Кумагаи хакерлер криптовалютамен 50 млн доллар талап етіп отырғанын, десе де компания бұл талапты орындамайтынын мәлімдеді.
Жапонияның қаржы министрі әрі қаржы қызметтері жөніндегі министрі Сацуки Катаяма қаржы ұйымдарына ықтимал кибершабуылдардан қорғану шараларын күшейту тапсырылғанын хабарлады. Оның сөзінше, GMO серверлерін пайдаланатын OANDA Japan, Goldenway Japan және Ava Trade Japan сияқты 5 валюта саудасы компаниясының клиенттері де шабуылдан зардап шеккен.
– Рұқсатсыз операциялар тағы қайталануы мүмкін екенін жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан шұғыл шаралар қабылдаймыз, – деді Катаяма.