10 тонна макарон. Елена Рыбакина Астанадағы жануарлар үйіне қаржылай көмек көрсетті

1053

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Fстанада жануарларды құтқаратын "СтопОтлов" еріктілер ұйымына қаражат аударды. 

10 тонна макарон. Елена Рыбакина Астанадағы жануарлар үйіне қаржылай көмек көрсетті

Қазір ұйымда 3500 ит пен 150 мысық бар. "СтопОтлов" құтқарылған жануарларды тамақтандыру үшін үнемі қаржылық көмекке мұқтаж. Осы орайда "Уимблдон-2022" чемпионы да бейжай қалмады. Рыбакинаның қанша қайырымдылық жасағаны нақтыланбаған. Бірақ еріктілер алдымен он тонна макарон сатып алғандарын мәлімдеді.

Рыбакина бірде Астанаға келген сапарында жануарларды қатты жақсы көретінін айтқан болатын. Ол фотосессиялар өткізу арқылы үй жануарларының мәселелеріне көпшіліктің назарын аудартты.

"Құрметті достар! Бізді қуаныш пен шексіз алғыс сезімі билеп, күтпеген жерден келген тамаша жаңалықты сіздермен бөліспеске болмайды. Еліміздің атақты теннисшісі, сондай-ақ жай ғана нәзік, талантты және мейірімді қыз Елена Рыбакина біздің ұйымға назар аударып, керемет көмек көрсетті. Әсіресе бәріміз үшін осындай қиын уақытта (кеше біз бірінші рет 10 тонна макарон алдық) қол ұшын созды.

Бұл қуанышымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Леночка, біз бәріміз сізге және сіздің ата-анаңызға осындай талантты, еңбекқор, жанашыр, тәрбиелі қызды тәрбиелегені үшін шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді. Жолыңыз ашық болсын. Жарқын жеңістерге жете беріңіз!

Тек қана жеңіске жетуіңізге тілектеспіз! Елімізде осындай таланттар бар екенін мақтан тұтамыз. Үлкен отбасымыз атынан шын жүректен алғыс айтамыз, сондай-ақ сіздің Қазақстанға оралуыңызды асыға күтеміз және сізді өз базамызға шақырғымыз келеді!", - деп жазды еріктілер тобы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу