102 колледж штаттық режимде жұмыс істейді

5455

Интернатура мен резидентурада оқу дәстүрлі форматта өтеді. 

102 колледж штаттық режимде жұмыс істейді Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қалай оқитынын айтты.  

"Жоғары оқу орындарында оқыту негізінен қашықтан жүргізіледі. Бакалавриатта педагогикалық, IT, әлеуметтік және гуманитарлық бағыттар бойынша дәріс және семинар сабақтары қашықтан өткізіледі. Техникалық, аграрлық және табиғи бағыттар, медицина әрі өнер мамандықтары бойынша 
дәрістер мен семинарлардың 70% онлайн форматта, ал зертханалық және практикалық сабақтарды (30%) күшейтілген санитарлық шараларды қатаң сақтай отырып, жеке-жеке өткізуге мүмкіндік береміз", – деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің мәлімдеуінше, магистратура мен докторантурадағы сабақтар аралас принциппен оқытылады. 

"Болашақ дәрігерлер оқитын интернатура мен резидентурада оқу дәстүрлі, штаттық форматта өтеді. Берілген бағдар аясында әрбір ұйым өзі дербес шешім қабылдайды", – деді Асхат Аймағамбетов.

Колледж студенттерін педагогикалық, IT, әлеуметтік, гуманитарлық бағыттардағы мамандықтар бойынша қашықтан, технологиялық, аграрлық, медицина, өнер бағыттары бойынша аралас оқыту ұсынылыпты. Бұл туралы министр: "Зертханалық жұмыстар мен өндірістік тәжірбиені штатты режимде жүргізуге 
мүмкіндік береміз. Мұнда өте аз бала қамтылған, олар өздерінің жұмыс орындарында болады деп жоспарлануда", – деді. 

Оның сөзінше, алыс ауылдық жерлерде және шағын қалаларда орналасқан, бір топтағы студент саны 15-тен аспайтын  9 мыңнан аса студенті бар 102 колледж штаттық режимде жұмыс істейді.


 Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар! 


Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу