104 оқушы коронавирус жұқтырды

1780

Індетке шалдыққандардың саны 1500 адамнан асуы мүмкін еді.  

104 оқушы коронавирус жұқтырды

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді. 

"Оқу жылы басталғалы бері оқушылар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 104 жағдайы тіркелді. Оның 33-і – кезекші сыныптарда оқитын балалар. Олармен қарым-қатынаста болған 550 адам тексеріліп, 7 адамнан коронавирус анықталды. 71 бала – қашықтан оқып жүріп жұқтырып алған оқушылар. Олармен қарым-қатынаста болған 240 адам анықталып, ішінен 15 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды", – деді Алексей Цой.

Министрдің мәлімдеуінше, оқушылар жаңа оқу жылын офлайн режимде бастаса, коронавирус жұқтырған балалармен қарым-қатынаста болған адамдардың саны 1500-ден асып кетер еді. 

Қанат Махамбет
 


Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу