11 боксшымыз жеңіске жетті

2616

Қазақстан боксшылары халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетуде.

11 боксшымыз жеңіске жетті

Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан халықаралық "Странджа" бокс турнирінде 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ерлер арасында 1/8 финалда қазақстандық екі боксшы – Ермахан Жақпеков пен Қуан Қуатов жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте төрешілердің пікірі екіге жарылды. Кездесу 3:2 есебімен Жақпековтың жеңісімен аяқталды. Үш төреші оған 30-27 деген баға берсе, төртіншісі – 29-28 бесінші төреші 30-27 есебімен Қуатовтың пайдасына дауыс берді. Осылайша, Ермахан Жақпеков турнирдің ширек финалына шықты, ал Қуан Қуатов үшін "Странджадағы" турнир мерзімінен бұрын аяқтады. Жақпеков өзінің ширек финалдық жекпе-жегін бүгін, 24 ақпанда өткізеді.

Тағы бір қазақстандық боксшы Нұрлан Сапарбай 92 келіден жоғары салмақта ширек финалдық кездесуін өткізді. Сапарбайдың қарсыласы испаниялық Аюб Гадфа болды. Екінші раундта аса ауыр салмақтағы қазақстандық қарсыласын нокдаунға түсіріп, үзілісте испаниялық бапкер жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Ол өз шәкіртінің денсаулығы үшін алаңдаса керек. Осылайша, Нұрлан Сапарбай жартылай финалға шығып, кем дегенде қола жүлде алады. Жартылай финалдық жекпе-жек 25 ақпанда өтеді.

"Кіші әлем чемпионаты" деп те аталатын "Странджа" халықаралық турнирінің үшінші жарыс күнінде Қазақстаннан барлығы он сегіз спортшы күш сынасты. Оның 11-і жеңіске жетсе, қалған жеті боксшы үшін турнир аяқталды.
Турнирдің үшінші жарыс күнінің қорытындысы:

Ерлер:

48 кг. Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) - Леонардо Эспозито (Италия) - 5:0

48 кг. Даниял Сәбит (Қазақстан) - Эдмонд Худоян (Ресей) - 0:5

51 кг. Дамир Әбдіқадыр (Қазақстан) - Киран Макдональд (Англия) - 5:0

51 кг. Тимур Қабдешов (Қазақстан) - Мартин Молина Сальвадор (Испания) - 3:2

60 кг. Василий Самчук (Қазақстан) - Мұрат Йылдырым (Германия) - 2:3

71 кг. Ермахан Жақпеков (Қазақстан) - Қуан Қуатов (Қазақстан) - 3:2

75 кг. Нұрқанат Райыс (Қазақстан) - Фраттарелли Манфреди (Италия) - 5:0

+92 кг. Нұрлан Сапарбай (Қазақстан) - Айюб Гадфа (Испания) – Сапарбай екінші раундтан кейін қарсыласының жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан соң жеңіске жетті.

Қыздар арасындағы жекпе-жектердің қорытындысы:

50 кг. Назым Қызайбай (Қазақстан) - Лаура Фернандес (Испания) - 5:0

54 кг. Балауса Мұздиман (Қазақстан) - Станимира Петрова (Болгария) - 0:5

54 кг. Дина Жоламан (Қазақстан) - Шарон Приско (Италия) - 4:1

57 кг. Карина Ибрагимова (Қазақстан) - Вилма Виитанен (Финляндия) - 1:4

60 кг. Римма Волосенко (Қазақстан) - Маринела Кани (Грекия) - 5:0

60 кг. Айдана Забынбекова (Қазақстан) - Келли Харрингтон (Ирландия) - 0:5

66 кг. Мадина Нұршаева (Қазақстан) - Саадат Далгатова (Ресей) - 0:5

66 кг. Дариға Шәкімова (Қазақстан) - Ишрак Шаиб (Алжир) - 5:0

75 кг. Надежда Рябец (Қазақстан) - Елена Гапешина (Ресей) - 3:2.

Бүгін, 24 ақпанда қазақстандық боксшылар "Странджа" халықаралық турнирінде тағы да шаршы алаңға шығады. Төртінші күннің күндізгі сессиясында рингке әлем чемпионатындағы дебютінен кейін "Қазақтың Ломаченкосы" атанған жеңіл салмақтағы Махмуд Сабырхан (54 келіге дейін) шығады. Сондай-ақ қыздар арасында үш қазақстандық боксшы өнер көрсетеді: Алуа Балқыбекова (48 келіге дейін), Валентина Хальзова (70 келіге дейін) және Анастасия Баязитова (81 келіге дейін). Жекпе-жектер Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталады.

Кешкі бағдарламада Бейбарыс Жексен, Оразбек Асылқұлов (екеуі де 57-ге дейін), Абзал Серік (63,5-ке дейін), Дулат Бекбауов (67-ге дейін), Ермахан Жақпеков (71-ке дейін), Нұрқанат Райыс (75-ке дейін), Ерасыл Жақпеков (80-ге дейін) пен Сағындық Тоғамбай (86-ға дейін) жұдырықтасады. Кездесулер Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-ге жоспарланған.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу