12 жасар бала жер сілкінісі кезінде отбасын аман алып қалып, өзі қайтыс болды

5986

Диярбакырда жер сілкінісі кезінде шырт ұйқыда жатқан отбасын оятып, қашуға көмектескен 12 жасар Рүзғар Таш құлаған ғимараттың астында қалып, қайтыс болды.  

12 жасар бала жер сілкінісі кезінде отбасын аман алып қалып, өзі қайтыс болды Фото: Anadolu Agency

Жер сілкінісі кезінде 12 жасар Рузгар Таш ояу болады. Қатты қозғалысты сезген ол бірден әкесі Халімді, анасы Небахатты және 6 бауырын оятады. Рүзғардың 5 бауыры ғимараттан шығып, аймақтан алыстап үлгереді. Ал Рүзғар мен оның ата-анасы және әпкесі сыртқа шығып үлгермей құлаған ғимараттың астында қалады.

Сырттағы адамдардың көмегімен ата-анасы және әпкесі жарақаттанған күйде үйінді астынан шығарылады. Ал өкінішке орай Рүзғардың жансыз денесі табылады.

  • "Жер сілкінісінің қатты болғаны сонша, үйдің қабырғаларына жабысып қалдық. Сол кезде Рүзғар: "Анашым, қорықпа, қазір басылады" деп маған дем беріп тұрды. Менің қолымды қатты қысып ұстап, екіншісін қабырғаға қойды", - дейді баласының суретіне қарап көз жасын тыя алмаған ана.

Ал әкесі Халім Таш үйінді астында баласы екеуінің арасы жақын болса да қасынан бара алмағанына күйінеді:

  • "Көзімді ашсам жердің астында жатырмын. Қараңғыда ештеңе көрінбейді. Сол кезде әйелімнің даусы естілді. Осы кезде дауысымызды шығарып бір бірімізбен сөйлесуге тырыстық. Ал Рүзғарымнан ешқандай дауыс келмеді".

Сыртта тұрған адамдар дауыстарды естіген соң бұларды шығарып алады. Сол кезде сырттағы балалары бауырлары Рүзғардың жоқ екенін айтады.

  • "Менің Рүзғарым бізді оятпағанда мүмкін біз де тірі қалмас па едік. Ол бәрімізді оятты, соның арқасында біз аман қалдық, бірақ оны құтқара алмадық. Өзегімді өкініш өртеп барады. Сондай дәрменсіз халдемін", - деді көз жасын тыя алмаған анасы Небахат.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу