130 мың еуро бюджеті бар клубпен тең түсті

1860

Ұят. Масқара. Григорчук қызметінен кетсін. Міне жанкүйерлердің әлеуметтік желідегі пікірі осы. 

130 мың еуро бюджеті бар клубпен тең түсті

"Астана" футбол клубы Еуропа лигасының екінші айналымында Андорраның "Санта-Колома" деген командасымен 0-0 дең ойнады. 130 мың еуро жылдық бюджеті бар жартылай әуесқой, жартылай кәсіпқой клубтың Қазақстан чемпионымен тең ойнауы әлбетте де барша еуропалық футбол фанаттарын да, мамандарын да таңқалдырды. Күні кеше ғана қостанайдың "Тобылы" "Женнес" деген люксембургтың командасын жеңе алмай жер болып еді. "Тобыл" жарыстан мүлде шығып қалса, қайта "Астананың" өз алаңында әлі жауапты матчы бар. 

Айта кетуіміз керек, бұл команданы айналып өтсе 3-кезеңде "Астана" Чемпиондар лигасында өнер көрсетіп жатқан "Ференцварош" - "Валетта" жұбының жеңіліп қалғанымен ойнайды. Біздің топшылауымыз бойынша ол Мальта елінің командасы "Валетта" болуы тиіс. 

Ермұхамед МӘУЛЕН

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу