Осылайша, 14 жастағы Мәриям Нұржан Барселонада өткен беделді Open Banc Sabadell U-14 Champion турнирінің чемпионы атанып отыр. Ол финалдағы қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен жеңген.
Жеңімпазға жүлдені Барселона мэрі тапсырып, қазақстандық теннисшінің ойынына ерекше тоқталды.
Қаршадай қазақ қызы алдағы уақытта тағы 8 мықты теннисшімен бірге Барселонада АТР 500 жарысымен бір мезгілде өтетін дүбірлі додада ел намысын қорғайды.
Мәриям Нұржан 14 жасқа дейінгі спортшылар арасында Tennis Europe рейтингісінде 109-орында келеді. Ол бұған дейін Tennis Europe аясында өткен турнирлерде бір жекелей және екі рет жұптық сында жеңімпаз атанған.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші Барселонадағы Next Level Tennis Team академиясында тәлім алады.