Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарының топтық кезеңіндегі алғашқы матчында Таиланд құрамасын 12:0 есебімен жеңді.
Бірінші кезеңде қазақстандықтар 147 секунд ішінде қарсылас қақпасына жауапсыз 4 шайба соқты. 11-ші және 13-ші минуттар аралығында Вячеслав Колесников, Роман Старченко, Руслан Оспанов және Иван Степаненко мергендік танытты.
Екінші кезеңде Қазақстан құрамасынан Әлихан Өмірбеков (33-минут) және Әділ Бекетаевтың (36-минут) голдарымен есепті еселей түсті.
Соңғы 20 минуттықта Таиланд қақпасына тағы 6 шайба соғылды. Евгений Рымарев (41-минут), Андрей Буяльский (45-минут), Артем Лихотников (47-минут), Бекетаев (49-минут), Темірлан Ғайтамиров (55-минут) және Лихотников (59-минут) көзге түсті.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы А тобында Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және Тайвань командаларымен сынға түсуде.
Бұған дейін Қазақстан әйелдер хоккей құрамасы Азия ойындарындағы алғашқы матчында Гонконг командасын 12:0 есебімен жеңген болатын.