15,16 және 17 шілдеде Kaspi Жұма өтеді

9029

Қазақстанда бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі – Kaspi.kz-тің Kaspi Жұмасы қайта өтеді!  

15,16 және 17 шілдеде Kaspi Жұма өтеді

15,16 және 17 шілдеде Kaspi.kz-тегі интернет-дүкенде және Қазақстанның бүкіл қалаларындағы серіктестеріміздің дүкендерінде барлық зат құнын 24 айға бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады.

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

"Сүйікті клиенттеріміз бен серіктестеріміз бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі – Kaspi Жұманың өткізілуін көптен күтті. Биыл ең ауқымды Kaspi Жұма болады. Kaspi.kz-тегі интернет-дүкенде 2 миллионнан астам тауар тегін жеткізу қызметімен ұсынылды. Мерекеге еліміз бойынша 70 мыңнан астам үздік дүкен қатысады. Әр сүйікті клиентіміздің тиімді сатып алуына және серіктестеріміздің өз сатылымын арттыруына тілектеспіз!" - деді.

Kaspi Жұмаға қатысушылардың арасында Sulpak, "Мечта", Euromebel, Zeta, "12 месяцев", Adidas, Kimex, Lucente, Pandora, Mon Amie, Marwin сияқты танымал брендтер мен көптеген басқа сауда брендері бар.

Kaspi.kz-тегі интернет-дүкенде және қалаңыздағы үздік дүкендерде жиһаз, үйге қажет тауар, электроника, зергерлік әшекейлер, көлік тауарлары, құрылыс материалдары, денсаулыққа арналған тауар, киім, балалар тауарларын және көптеген басқасын сатып алыңыз. Өзіңізге және жақындарыңызға қуаныш сыйлаңыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу