16 мыңнан астам азамат шұғыл әскери қызметке шақырылады

5324

Әскери бөлімшелер аймақтық қағида бойынша жасақталады.

16 мыңнан астам азамат шұғыл әскери қызметке шақырылады

Бірінші наурызда 18-27 жас аралығындағы 16 мыңнан астам ел азаматы отан алдындағы борышын өтеуге міндеттеледі. Көктемгі науқанға азаматтық борышын өтемеген және борышын өтеуден уақытша босатылған жандар тартылады.

"Көктемнің алғашқы күнінен бастап Қазақстан Қарулы күштерінің құрылымдары мен басқа әскерлерін жасақтау үшін құрылған әскерге шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысы басталады. Комиссия болашақ сарбаздарды іріктеп, әскер қатарында қызмет етуге жарамды жігіттерді анықтайды", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, шақырылушы әскери есепке алынған жердегі қорғаныс істері жөніндегі басқармаға немесе бөлімге баруға тиіс. Әскери бөлімшелерді жасақтау бұрынғыдай аймақтық қағида бойынша жүзеге асырылады. Бұл әскерге шақырылушы әскери қызметін өз аймағынан тыс жерде өтейді деген сөз.

"Әскер қатарына қабылданатын азаматтарды іріктеу және әскери бөлімге тарату барысында оның осыған дейін меңгерген мамандығы ескеріледі. Шақыруды ұйымдастыру тәртібі мен медициналық куәландыру шараларын өткізу мәселелерін шұғыл шешу үшін қорғаныс министрлігінде арнайы "жедел желі" жұмыс істейді", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу