16 жастағы футболшы Англия Премьер-лигасы тарихындағы ең жас чемпион атанды

276

Арсенал 14-рет Англия чемпионы атанса, 16 жастағы жартылай қорғаушы жаңа рекорд орнатты.  

16 жастағы футболшы Англия Премьер-лигасы тарихындағы ең жас чемпион атанды Фото: İdman.Biz

Макс Доуман Англия Премьер-лигасы тарихындағы ең жас чемпион атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Арсенал сапында өнер көрсететін жартылай қорғаушы чемпиондықты 16 жас 139 күнінде жеңіп алып, бұрынғы рекорд иесі Фил Фоденнің нәтижесін жаңартты.

Бұған дейінгі рекорд Манчестер Сити құрамында чемпион атанған Фил Фоденге тиесілі болған. Ол кезде футболшы 17 жас 350 күнде еді.

Сонымен қатар Макс Доуман АПЛ тарихындағы ең жас негізгі құрам ойыншысы әрі ең жас гол авторы саналады.

Осы маусымда 16 жастағы футболшы Англия чемпионатында 16 матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген.

19 мамыр күні Манчестер Сити мен Борнмут арасындағы матч 1:1 есебімен аяқталғаннан кейін "Арсенал" мерзімінен бұрын чемпион атанды.

Қазір лондондық клубтың еншісінде 82 ұпай бар. Ал екінші орында тұрған "Сити" 78 ұпай жинаған.

"Арсенал" өз тарихында Англия чемпионы атағын 14-рет жеңіп алып отыр. Команда соңғы рет 2003/04 маусымында Арсен Венгердің жетекшілігімен чемпион болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу