16 жыл күткен покер

3078

Қазақстан премьер-лигасында биыл 16 жыл бойы өзгермеген статистика жаңарды. Марин Томасовтың одан өзге қандай артықшылығы бар?

16 жыл күткен покер

Қазақстан премьер-лигасының 31-тур ойынында хорватиялық легионер Марин Томасов 4 гол салды. Футбол тілімен айтқанда бұл покер. "Астана" командасы Томасовтың төрт голының арқасында "Ақтөбені" 5:0 есебімен жеңді. Соңғы рет бір ойында  гол соққан ойыншы бұл түркмениялық шабуылшы Мүслим Агаев болған екен. Ол сонау 2003 жылы "Ертіс" - "Жетісу" (7-2) ойынында покер жасаған. Міне, содан бері 16 жыл бойы мұрты бұзылмаған бұл статистиканы Томасов 32-минуттың ішінде жаңартып отыр.

Сонымен қатар, хорват ойыншысы 19-голмен үздік сұрмергендер тізімінде көш бастады. Ал осыдан 2 жыл бұрын "Астана" шабуылшысы Джуниор Кабананга бір ойында 4 гол салуы мүмкін болған еді. "Астана" - "Шахтер (4-1) ойынында Кабананга үш гол салып, соңғы минутта қақпашымен бетпе-бет шығады да допты қақпа бағанына тигізіп алады. Егер сол сәтте гол тіркелгенде онда Кабананга бұл мәліметті сәл ертерек жаңартар еді. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу