165 млрд теңге несие кейінге шегірілді

21408

30 мыңға жуық ШОБ субъектісінің банктер алдында борышы бар.  

165 млрд теңге несие кейінге шегірілді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов Президент жолдауында айтылған ШОБ-ты қолдау шаралары туралы брифингте осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, биылғы жылдың 16 наурызы мен 15 шілдесі аралығында 12 мың ШОБ субъектісінің несиелері кейінге шегірілген. Бұл борышы бар кәсіп иелерінің 42%-ын құрайды. 

"Шегерілген сома 165 млрд теңге. Бүгінде шағын және орта бизнес иелері қарызды кейінге шегеруді қысқартылған тәртіппен өтініш бере алады. 16 маусым мен 21 қыркүйек аралығында 10 мың адамның 67 млрд теңге сомасындағы борышы кейінге шегерілді. 2 мың өтініш бойынша 83 млрд теңгеге несиелер қайта қажыландырылды", – деді ол. 

Еліміздегі қаржы ұйымдарында 30 мыңға жуық ШОБ субъектісінің борышы бар көрінеді. Оларға жалпы сомасы 4 трлн теңге қарыз берілген. Нұрлан Әбдірахмановтың айтуынша, 11 мың ШОБ субъектісі кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдікпен несие алған. 

"Сонымен қатар жеңілдетілген несие алу аясында айналым қаражатын толықтыру бойынша 203 мың 715 қарыз берілді. Оның жалпы сомасы 411 млрд теңге.

Ал өзгелері "Қарапайым заттар экономикасы", "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламалары бойынша несие алған. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, 12,5 мың борышкер экономиканың төтенше жағдай мен карантиннен жапа шекке саласында еңбек етеді. Оның 4,5 мыңы жеңілдікпен несиелеу бойынша мемлекеттік бағдарламалар аясында қарыз алды", – деп түйіндеді агенттік төрағасының орынбасары. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу