Елена Рыбакина 17 жастағы ресейлік теннисшіден жеңіліп қалды

226

Мирра Андреева мансабында алғаш рет WTA 1000 турнирінің финалына шықты.

Елена Рыбакина 17 жастағы ресейлік теннисшіден жеңіліп қалды Фото: championat.com

Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалында Елена Рыбакина ресейлік Мирра Андреевамен кездесті.

Отандасымыз 4:6, 6:4, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Қарсыластар кортта 2 сағат 16 минут өткізді.

Мирра Андреева бұған дейін үш рет ширек финалдан әрі аса алмаған.

Осылайша, Дубайдағы турнирде ресейлік жас теннисші "Үлкен дулығаның" үш чемпионын – Маркета Вондроушеваны, Ига Швентекті және Елена Рыбакинаны жеңді.

24 ақпанда WTA рейтингі жаңартылғаннан кейін Мирра Касаткинаны басып озып, мансабында алғаш рет Ресейдің бірінші ракеткасы атанады. Ал, егер Дубайда финалда жеңіске жетсе, әлемнің ТОП-10 теннисшісі қатарына кіреді.

Мирра Андреева финалда БАӘ турнирде Клара Таусонға қарсы ойнайды. Матч 22 ақпан, Қазақстан уақыты бойынша 20:00-де Дубайдың орталық кортында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу