17 жастағы Әмір Омарханов әлемдік рейтингіде төртінші орынға көтерілді

458

Әмір Омарханов пен Заңғар Нұрланұлы осы айда жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатында ел намысын қорғайды. 

17 жастағы Әмір Омарханов әлемдік рейтингіде төртінші орынға көтерілді Фото: olympic.kz

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасында жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Әмір Омарханов бірден 10 сатыға жоғарылап, рейтингіде 4-орыннан көрінді. 

Бұл – Қазақстан теннисі тарихындағы екінші үздік нәтиже. 2018 жылы Тимофей Скатов ITF Juniors Ranking рейтингісінде көш бастаған еді. 

Сол секілді 16 жастағы Заңғар Нұрланұлы 74-тен 38-орынға көтерілді. 

Дамир Жалғасбайдың қарқыны да жақсы. ТОП-100-ге жақындаған ол 112-сатыда (+84) тұр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу