Жас қазақстандық теннисші ересектер арасындағы алғашқы матчында жеңіске жетіп, АТР рейтингіне енді. Заңғар Мысырда өтіп жатқан ересектерге арналған ITF сериясындағы халықаралық турнирге қатысып, алғашқы кездесуінде 18 жастағы беларусь теннисшісі Руслан Кацукевичті 7:5, 6:3 есебімен жеңді.
Нәтижесінде Нұрланұлы кәсіби теннистегі алғашқы рейтингілік ұпайларына ие болды. Бұған дейін спортшы тек жасөспірімдер санатында сынға түсіп келген.
Айта кетейік, 2025 жылы Заңғар US Open жасөспірімдер турнирінің жекелей сынында жартылай финалға дейін жетіп, халықаралық деңгейде жоғары нәтижеге қол жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу