Онымен баланың білім алуына, көлік сатып алуға, ипотека бойынша бастапқы жарнаға және т.б. ақша жинау бұрынғыдан да оңай әрі ыңғайлы, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жинақтаушы Kaspi Депозитті тура Kaspi.kz мобильді қосымшасында онлайн ашуға болады. Ең аз сома – 500 000 теңге, ең аз мерзім – 6 ай. Кез келген уақытта ақша салуға болады. Қаражатты ішінара шешіп алу қарастырылмайды.
Депозитке Kaspi Терминалда, Kaspi Банкоматта, бүкіл еліміздегі Kaspi.kz бөлімшелерінде, сондай-ақ Kaspi.kz қосымшасында Kaspi Gold-тан немесе өзіңіздің басқа депозитіңізден аудару арқылы, шектеусіз, кез келген уақытта комиссиясыз ақша салуға болады.