18-ге толған екі мыңға жуық жасөспірім ұлттық қордан үлестерін алды

1499

Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны – 6 919 131 бала. 

18-ге толған екі мыңға жуық жасөспірім ұлттық қордан үлестерін алды Фото: inbusiness.kz

Кәмелетке толған қазақстандықтар 199 323,1 АҚШ долларын "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында пайдаланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасын іске асырудың 2 айы ішінде 1 сәуірдегі жағдай бойынша БЖЗҚ жалпы сомасы 199 323,1 АҚШ долларына 1 992 өтінішті орындады.

Оның ішінде баспана жағдайын жақсарту мақсатында – 788 798,04 АҚШ долларына 788 өтініш, білім ақысын төлеу үшін – 120 525,06 АҚШ долларына 1 204 өтініш орындалды.

Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны – 6 919 131 бала.

Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады.

Оның барлығына 100 АҚШ доллары 52 цент мөлшерінде бірдей сома есептелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу